news-img

Дастан Дүйсенбаевты дарынды адам деуге болады. Оған көз жеткізу үшін жетістігін көрсеңіз жеткілікті. Енді шетінен біртіндеп тарқатайық.

Дастан Ақтөбенің тумасы, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің үшінші курсында «Аспаптық орындау» (эстрадалық аспаптар) мамандығында оқиды. Ол бала кезінен музыка мен шығармашылықты жақсы көреді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ағылшын және жапон тіліне қызығады.

Оның жетістіктеріне тоқталсақ. «Вокал» номинациясы бойынша «ЖАС ТОЛҚЫН-2014» қалалық балалар шығармашылығы байқауының бас жүлдесі (Ақтөбе), «Вокал» номинациясы бойынша облыстық «Ақбөбек-II» байқауының I дәрежелі лауреаты (Ақтөбе), «ЖасSTAR» III республикалық музыкалық өнер байқауы-фестивалінің гран-при иегері (Ақтөбе), «Эстрадалық соқпалы аспаптар» (Нұр-Сұлтан) номинациясы бойынша музыкалық колледждер арасындағы 43 республикалық орындаушылар байқауының I дәрежелі  лауреаты, «Эстрадалық соқпалы аспаптар» номинациясы бойынша «Шабыт» XXV Халықаралық шығармашылық жастар байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана), «Эстрадалық соқпалы аспаптар» номинациясы бойынша «Astana-Merey» XIX халықаралық орындаушылар байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана) және т.б.

- Музыка өнердің ең мықты түрі деп санаймын. Музыка адамды жанын емдейді, көңілін көтеріп, бақытқа бөлейді, - дейді Дастан Дүйсенбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы бағындырылған тағы бір белес, сонымен қатар, жеке даму мен өсуді қолдау мен ынталандыру.

- Өзіңізге сеніп, белсенді болсаңыз, кез келген кедергіні жеңе аласыз! Өміріңіздегі басты мақсатты жүзеге асыруға аянбай күш салып, шығармашылықпен айналысыңыз, - дейді біздің стипендиат.

Түсініктеме қалдыру