news-img

Астанада «El Umiti» корпоративтік қоры MNU университетінің БҰҰ клубымен бірлесіп Model United Nations (MUN) конференциясын өткізді.

Іс-шара студенттер мен жоғары сынып оқушыларының коммуникациялық дағдысын, пікірталас жүргізу қабілетін, дипломатия, сыни ойлау дағдысын дамытуға бағытталған.

 Конференция барысында қатысушылар өздерін әртүрлі елдің делегаты, «Экономикалық және әлеуметтік кеңес», «Қауіпсіздік кеңесі», «Адам құқықтары жөніндегі кеңес», «Бас Ассамблея», «БҰҰ-әйелдер» сынды сан алуан комитеттің өкілдері ретінде сынап көріп атанды.

Әрбір делегат нақты бір елдің атынан шығып, белгіленген күн тәртібі бойынша алдын ала пысықталған ұстанымын білдірді. Еуропадағы судың сапасы мен мәселесі, су ресурстарын бөлу, жасанды интеллектті бақылау қажеттілігі және т.б. тақырыптар талқыланды.

Барлығы Model United Nations (MUN)-ге 10 мектеп пен 4 жоғары оқу орнынан 120-ға жуық бала қатысты.

Түсініктеме қалдыру