Астанада «Nobel Fest: медициналық инновациялар» атты ірі ғылыми фестиваль өтті
Астанада «Nobel Fest: медициналық инновациялар» атты ірі ғылыми фестиваль өтті. Бұл Нобель сыйлығының лауреаттары, көрнекті ғалымдар мен сарапшылар арасында білім мен идеялар алмасуға арналған ауқымды диалог алаңы.
Іс-шара нейрохирургия саласындағы инновациядан бастап Альцгеймер ауруын емдеуге және ұзақ өмір сүрудегі жетістіктерге дейінгі көптеген тақырыпты қамтыды. Бұл өзекті мәселелерді талқылау мен инновациялық шешімдерді табу үшін әлемдегі ең озық ойлар ақтарылатын форум.
Нобель фестивалінің негізін қалаушы әрі бас директоры Мақсат Курбенов алғаш рет 2009 жылы Нобель сыйлығының лауреатының Қазақстанға сапарын ұйымдастырды. Содан бері ол көптеген қалаға ғалымдардың дәрісін ұйымдастыра бастады.
Биылғы іс-шараның ҚР ҰҒА академигі, профессор Валерий Бенберин басқаратын «Инновациялық және профилактикалық медицина институты» корпоративтік қоры бас ұйымдастырушысы атанды.
ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс те құттықтау сөз сөйледі. Ол өзінің бейне хабарламасында медициналық білім мен ковид пандемиясынан сабақ алу қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ, спикерлердің бірі АҚШ-тың жетекші нейрохирургы Салим Абдулрауф 15 айлық балаға аневризмаға күрделі ота жасап, медициналық жағдайымен бөлісті.
Өмір туралы ғылым саласындағы Серпін сыйлығының иегері Паскаль Майер және т.б. фармокология, ұзақ өмір сүру, әрқайсысының дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету, геронтологияны дамыту және т.б. салалардағы өзгерістердің маңыздылығы тақырыбын қозғады.
Фестиваль мыңдаған қазақстандықты білім, ғылым және инновацияға шабыттандырады. Nobel Fest жыл сайын 100 елден 500 000 қатысушы мен 500 университеттің басын қосып, жан-жақты білімнің ұзақ мерзімді дамуы мен жарқын болашақты қалыптастырудағы рөлі туралы идеяны таратады.