news-img

27-28 мамыр аралығында онлайн форматта өтетін Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі барысында ҮЕҰ өкілдеріне мотивацияны дамытуға және БАҚ-пен тиімді коммуникация жасау үйретіледі. Тренингтерге жәрмеңке финалистерінен басқа барлық ниет білдіруші қатыса алады.

«Табысқа мотивация» тренингінде тыңдаушылар өзін-өзі ынталандырудың қағидаларын біліп, ішкі және сыртқы мотивация құралдарын алады, мотивацияның әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде табысқа жетуге әсері туралы танымын кеңейтеді.

Тренингті «Алматы Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті, профессор, ТДМ жөніндегі маман Қайыржан Әбдіхалықов жүргізеді.

«ҮЕҰ жұмысындағы тиімді коммуникациялар және медиа ақпараттық мәдениет» тренингі барысында қатысушылар әлеуметтік желілерде медиа мәдениет және ақпараттық қауіпсіздік дағдысын меңгереді, PR-стратегияны әзірлеу және оны іске асыру үшін құралдар алады, контент жасап, оны таратуды үйренеді.

Тренингтің жүргізушісі - Sector  X инклюзивті радиосының бас продюсері, жаттықтырушы/тәлімгер, журналист Сәуле Алпысова.

Екі тренинг те 28 мамырда онлайн форматта өтеді. Қатысу тегін, мына телефон нөмірі +7 707 510 7800 бойынша міндетті тіркелу қажет. Трансляцияны көруге сілтеме тіркелген соң жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының басты бағдарламасының бірі, оның аясында ҮЕҰ жобаларын іске асыру үшін гранттар байқауы, азаматтық сектор өкілдеріне арналған нетворкинг және коммерциялық емес ұйымдарды қолдау мен дамытуға бағытталған білім беру іс-шаралары өтеді. Биылғы жәрмеңкенің тақырыбы – «Қазақстандықтардың білімін арттыру – әл-ауқаттың өсуіне жол».

Түсініктеме қалдыру