news-img

Аружан Маратова М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде 3-курста «Халық көркем шығармашылығы – көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша оқиды. Бойжеткен хореографиямен бірге фотографиямен, бейнемонтажбен айналысып, саяхаттап, әлемді танып біледі.

- Кішкентай кезімнен билеймін, биді ұнатамын. Өз ісімді жақсы көремін, әрі қарай дамуды және жетілдіруді жалғастыруға ниеттімін, — дейді Аружан Маратова.

Стипендиаттың жан-жақты екенін жетістігінен білуге болады. Атап айтсақ, «Сен жұлдызсың» халықаралық байқау-фестивалі, WorldSkills Shygys-2021 аймақтық чемпионаты, «Мен тұратын қала!», «Ең үздік бейнеролик – 2022» номинациясы бойынша бейне монтаждау бойынша байқау, «Стань Звездой» халықаралық байқау фестивалі, «Талант-Шоу Круче всех» халықаралық байқау фестивалі, «Если ты образован, наблюдай» интеллектуалды байқауы және т.б.

- Қор туралы алғаш рет оқу орнымнан естідім. Үздік оқуға тырысатындықтан және әрдайым түрлі байқауға қатысатындықтан, оқытушылар осы байқауға қатысуды, мүмкіндігімді сынауды ұсынды. Мен үшін стипендия бұл үлкен мотивация және қаржылай қолдау, - дейді Аружан.

«Ең бастысы, өзіңе деген сенім мен мақсатқа жетуге деген батылдық. Әрқашан адал болу, өскелең ұрпаққа үлгі болу маңызды! Арманыңызға сеніңіз!», - деді ол жастарға қарата.

Түсініктеме қалдыру