news-img

Қазақстанда экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған мобильді қосымша пайда болды. Технологиялық өнім арқылы пайдаланушылар пайдалы ақпарат, контактілерді және қоршаған ортаны қорғау тақырыптары бойынша материалдарды таба алатын көп функциялы, инклюзивті ортаны ұсынады. Қосымша көру қабілеті нашар және зағип жандарға да қолжетімді.

Қосымшаны жасап шығаруға Талдықорғандағы«Altyn Adam» шығармашылық орталығы» ҚБ  филиалымен серіктестесетін «Kaz Eco Patrol» ҚБ бастама көтерді. Маңызды жобаны жүзеге асыру үшін экобелсенділер 2023 жылғы «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі заманғы әлемнің тұрақты дамуының бағдарлары» атты әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев атындағы қордың грантына ие болды.

Авторлар жобаның болашағы зор деп есептейді. Олар қосымша басқа да маңызды шаралармен қатар қоршаған ортаның жағдайын өз аймағында ғана емес, республикалық деңгейде, мүмкін, халықаралық деңгейде жақсартуға көмектеседі деп үміттенеді.

Қазірдің өзінде үштілді инновациялық платформада «дүрбелеңсіз экология» форматындағы танымдық видеосабақтар мен подкасттар, елдегі волонтерлік бірлестіктердің деректері мен байланыстары, экологиялық әдеттердің трекері (мысалы, пластикалық пакеттерсіз 30 күн) бар.  Сондай-ақ экологиялық таза баламаларды сатып алуға болатын интернет-дүкендерге, басқа да көптеген заттарға қол жеткізуге болатын мүмкіндік бар.

Азаматтық қоғам бүгінде қоршаған ортаны қолдауға және экологиялық мәдениетті көтеруге физикалық істермен ғана емес, болашаққа да өз үлесін қосуда деп ойлаймын. Яғни, менің ойымша, ең бастысы, бірлестіктің жұмысы тек «осында және қазір» ғана емес, сонымен қатар одан әрі ұзақ мерзімді қызметтің стратегиясын қарастырады, іргетас қалайды, мүмкіндік беретін стратегияны жасайды. Меніңше, табиғатты қорғау іс-шараларына мүмкіндігінше көп адам тартылуы керек. Бұл жұмыс қажет, бірақ біздің облыста әлі де дұрыс таралмаған. Біз бұл әрекетті қолдайтынымызға қуаныштымыз және қосымшаны көбірек адамдар біліп, қосымшаға қосылсын деген оймен жан-жақты хабарлаймыз», - деді «Казахстанская правда» газетінің Жетісу өңіріндегі тілшісі Дина Боранбаева.

Jasyl Bolashaq қосымшасы әзірге Android жүйесінде ғана қолжетімді.

Түсініктеме қалдыру