news-img

1 және 2 сәуір күндері Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» халықаралық конференциясын өткізеді. Іс-шара жыл сайынғы «VI халықаралық Фараби оқулары» форумының аясында өтеді.

Конференцияның мақсатыаса өзекті пульмонологиялық аурулар туралы Шығыс пен Батыстың жетекші сарапшылары арасында білім мен тәжірибе алмасу. Медициналық ғалымдардың кездесуі диагностика мен емдеудегі соңғы жетістіктер туралы диалог арқылы және білім алмасу арқылы пульмонологиялық көмектің жалпылама стандарттарын көтеруге арналған.

«Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» алғашқы халықаралық конференциясы созылмалы обструктивті өкпе ауруларына (СОӨА) арналған. Бұл өкпе ауруы демікпемен, жөтелмен, қақырық бөлінумен,  сондай-ақ ары қарай шиеленісу мен ауруханаға жатқызылатын суық тиюлер арқылы сипатталады.

СОӨА GOLD жаһандық бастама мәліметтері бойынша, әлемде 300 миллионнан астам адам СОӨА ауруынан жапа шегеді – бұл ересек тұрғындардың 10%  құрайды. Ғалымдардың болжамдары бойынша 2020 жылға қарай өлім себебінің негізі бойынша үшінші ете отырып,  СОӨА өлімі артады. Алғашқы екеуі: жүректің ишемиялық ауруы және инсульт (2015 ж.). аурудың алдын алуға болады, егер негізгі тәуекел факторларымен күресте шұғыл шараларды қолдансаңыз: шылым шегу және ауа ластануымен. 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің бағалауы бойынша, елімізде СОӨА ауыратын саны кемінде 800 000 адамды құрайды.  Алайда бұл сандар халықаралық зерттеу нәтижелерімен сәйкес келмейді.  

«ТМД елдерінің аумағында созылмалы обструктивті өкпе ауруларының (ХОБЛ) таралуы бойынша бірінші халықаралық эпидемиологиялық зерттеудің нәтижелері  ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің ресми деректерімен  17 рет сәйкес келмейді, бұл басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан тұрғындарының ауру көрсеткіші Алматыны мысалға ала отырып жоғары екендігін көрсетеді», —  деп Ресей, Украина, Қазақстан және басқа да ТМД елдерінің стратегиялық қатынастарымен айналысатын, жетекші халықаралық агенттігі —  Hill+Knowlton Strategies PBN баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады.

Конференцияның негізгі баяндамашысы COӨА мәселелері бойынша әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі  Клаус Фогельмайер болады — профессор; доктор-хабилитат; созылмалы обструктивті өкпе аурулары бойынша Жаһандық Бастаманың (GOLD) ғылыми комитетінің төрағасы; Гиссен және Марбург Университеттік Клиниканың ішкі аурулар, пульмонология, қарқынды терапия және ұйқы медицинасы клиникасының директоры; өкпе патологиясын зерттеу жөніндегі неміс орталығының мүшесі (Марбург, Германия).

Іс-шара аясында пленарлық және секциялық отырыстар, сондай-ақ Орталық Азия, Орталық және Шығыс Еуропаның жетекші пульмонологтары қатысуымен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.  Конференцияда дамыған және дамушы елдердегі COӨА емдеуге шолу бойынша, COӨА ауыратын науқастарды объективті стратификациялау үшін машиналық оқу алгоритмдерін қолдану бойынша,  жалпы практика дәрігерлерінің COӨА емдеу тәжірибесі,  сондай-ақ COӨА зерттеудің кәсіби әдіснамасы бойынша баяндамалар жарияланды.

Ұйымдастырушылар «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» конференциясын пульмонологияның өзекті мәселелері туралы, атап айтқанда генетикалық өкпе аурулары, ауыр бронх демікпесі, аралас жағдайлар, кәсіби өкпе аурулары және т.б. туралы   мемлекеттердің сарапшылары арасындағы пікірталас ретінде халықаралық білім форумы етіп, жыл сайын өткізуді жоспарлайды.

Спикерлер құрамында:

  • Нұрлан Дәулетбаев – MD, PhD, дәрігер-зерттеуші, пульмонолог, дербестендірілген медицина маманы, МакГилл университетінің медицина факультетінің профессоры, Монреаль, Квебек (Канада).
  • Муминов Талғат ӘшірұлыҚР клиникалық және іргелі медицина академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., Ұлттық медицина университетінің фтизиопульмонология кафедрасының профессоры (Қазақстан).
  • Бримкулов Нұрлан Нурғазыұлым.ғ.д., профессор, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы (Қырғызстан).
  • Нұғманова Дәмиля Сәкенқызым.ғ.д., профессор, Қазақстан отбасылық дәрігерлер Қауымдастығының Президенті (Қазақстан).
  • Қуанышбекова Роза Тохтанәліқызы – м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директоры (Қазақстан).
  • Нұрпеісов Таир Темірланұлы – м.ғ.д., профессор, Алматы қ. бас аллергологы, республикалық аллергиялық орталықтың жетекшісі (Қазақстан).
  • Винников Денис Владимирович – м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің денсаулық және қоршаған орта ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі (Қазақстан).

Конференцияның мекен-жайы: ҚР.  Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасының ғимараты.

Күні және уақыты: 1-2 сәуір, сағ. 14:00. 

***

Құрметті БАҚ өкілдері!

Сіздерді өздеріңізге ыңғайлы кез-келген күні біздің аймағымыздағы  өзекті пульмонологиялық ауру – СОӨА  қатысу үшін шақырамыз.

Кез-келген спикермен сұхбаттасу немесе кәсіби түсініктеме алуды ұйымдастыру мүмкіндігі бар

Байланыстар:

Айнаш Өшібаева – 8 701 717 06 34, ainash.oshibaeva@kaznu.kz

Артур Жұмашев – 8 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру