news-img

2024 жылғы 11 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында Музейде «Объективте және экранда: Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» ақпараттық- мәдени жобасының ашылу салтанаты өтті. Бұл жоба Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңіне арналған тарихи ретроспективаны көрсетеді. Жобаның бастамасы 6 желтоқсанда еліміздің жаңа тарихы, Тәуелсіздік тарихы басталған Алматы қаласында өтті.

Іс-шара аясында фотокөрме мен тәуелсіздік қалыптасуының түрлі кезеңдеріне арналған деректі фильмдердің тақырыптық кинокөрсетілімі ұйымдастырылды. Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің, сондай-ақ Тұңғыш Президент Музейінің қорларынан алынған фотосуреттердің бірегей таңдауына негізделген көрме Алматының егемендік пен тәуелсіздік жолындағы Қазақстанның рухани және мәдени орталығы ретіндегі рөліне жаңа көзқарас ұсынады. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми, білім беру, мұрағат және музей мекемелерінің өкілдері, оқушылар мен студент жастар қатысты.

Түсініктеме қалдыру