«Қазіргі медианың құпиялары» семинары – мамандардың кеңесі

Болашақ журналистер қазіргі медиаиндустрияның құпиясы мен БАҚ және әлеуметтік желілер үшін қызықты материал жасаудың қыр-сырын меңгерді
Астанада Maqsut Narikbayev University журналистика факультетінің студенттеріне арналған «Қазіргі медианың құпиясы» атты шеберлік дәрісі өтті.
Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі (@bas_redactor_club) ұйымдастырды. Тәжірибелі журналистер, медиа-менеджерлер мен блогерлер студенттерге болашақ кәсіби қызметінде пайдаға асатын тәжірибелік білімін бөлісті.
«Qazaqstan» телеарнасының тележүргізушісі Альбина Әшім @albina.ashim жақсы телесюжет жасаудың тәсілі, өзекті тақырып табу және ойды нақты жеткізу туралы айтты.
«Жібек жолы» телеарнасының тележүргізушісі Айгүл Мүкей @aigulmukei сапалы сұхбат дайындаудың және экранда әдемі көрінудің қыр-сырын түсіндірді.
PR маманы Ұлан Әбішев @abishev_live қызықты цифрлық контент жасау, ақпаратты ұсыну форматы және әлеуметтік желіде аудиториямен тиімді жұмыс істеу әдістерін көрсетті.
«Хабар» телеарнасының деректі фильмдер режиссері Сәби Байбосынов @sabi_baibussinov деректі кино жанрлары мен осындай фильмдер түсірудегі жеке тәжірибесі жайлы әңгімеледі.