«AITUHackday: CSIA»: идеядан прототипке дейін
11.04.2025 ·
17:16
Бөлісу

83 мүшеден құралған 23 команда «AITUHackday: CSIA» хакатонында үздік атану үшін бақ сынасты.
Astana IT University ұйымдастырған және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының демеушілігімен өткен бұл хакатон дарынды жастарды біріктірді. Олар нақты жоба үшін шешімнің прототипін әзірледі.
Хакатон – жай ғана жарыс емес, бұл шағын стартап-акселератор. Мұнда студенттер білімінің нақты жобада қаншалықты қолданылатынын тексереді.
Хакатонға қатысушылар түйткілді мәселенің ерекше шешімін іздеді, сарапшылармен жұмыс істеуді үйреніп, серіктес компанияға тың идея ұсынды.