Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Осынау айтулы күні Сіздің бастамаңызбен құрылған Қор ұжымы сізді мерейтойыңызбен шын жүректен, ерекше ілтипатпен құттықтайды!
Сіздің өмір жолыңыз – Отанға қызмет етудің, мемлекеттік даналықтың және шынайы басшы болудың жарқын үлгісі. Көрегендігіңіз бен тынымсыз еңбегіңіздің арқасында Қазақстан тәуелсіз дамудың даңғыл жолына түсіп, едәуір экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетті, халықаралық аренада беделді мемлекет болды. Күні бүгін қазақстандықтар бейбіт, тұрақты және тату-тәтті қоғам болып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының құрылуы – ел болашағына, ғылымға, білім мен мәдениетке қамқорлық жасау жолындағы Сіздің миссияңыздың жалғасы.
Біз үшін негізін Сіз қалаған ұйымның қатарында еліміздің игілігі жолында Сіз бастаған маңызды бастамаларды жалғастыру – зор мәртебе. Білдірген сеніміңіз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтып, мықты денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр тілейміз!
Құрметпен және алғыс білдіре отырып,
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұжымы