news-img

Қызылордада Inno.Fest Qyzylorda-2025 инновациялық жобалар фестивалінің бесінші маусымы өтіп жатыр. Іс-шара Ақпараттық технологиялар орталығы мен Kyzylorda Hub облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестивальдің серіктестері қатарында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Astana Hub, JSOFT, MSSP GLOBAL және басқа да ұйымдар бар.

Inno.Fest Qyzylorda бүгінде өңір үшін маңызды оқиғаға айналды. Ол бүкіл Қазақстан мен көршілес елдерден келген жас әзірлеушілерді, кәсіпкерлерді, зерттеушілер мен креативті мамандардың басын қосады. Фестивальдің басты мақсаты – өңірдің дамуына қажетті жаңа инновациялық идеяларды қолдау және ілгерілету, сондай-ақ жастардың келешегі бар IT-жобаларын қаржыландыру мүмкіндігін жасау.

Фестиваль аясында қатысушыларға 24 сағат ішінде «Software Dev», «AI» және «Movies & Video» бағыттары бойынша идеядан бастап прототипке дейін IT-жоба жасау тапсырмасы беріледі.

Екі күн бойы семинар-тренингтер, менторлық сессиялар және жобаларды қорғау кезеңдері өтеді. Спикерлер қатарында IT, медиа және киноиндустрия саласының танымал өкілдері бар. Олардың ішінде актер және режиссер Дәурен Серғазин, IT-сарапшы, жасанды интеллект зерттеушісі әрі жазушы Тимур Бектұр, жасанды интеллект саласының профессоры Джесу Ким, EdTech және AI саласының маманы Ғани Абадан, сондай-ақ, JSOFT компаниясының бас директоры, кәсіпкер Жандос Оңалбеков және т.б. мамандар бар.

Фестивальдің жалпы сыйақы қоры – 5 400 000 теңге. Сонымен қатар, дарынды қатысушыларға білім гранттары табысталады.

Ертең фестивальдің үздік жас әзірлеушілері анықталады.

Бөлісу