Астанада әр түрлі буын өкілдері қатысқан шахмат турнирі өтті
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Астана» Орталық шахмат клубы Тұңғыш Президент күніне арналған турнир ұйымдастырды.

Жарыста жас шахматшылардан бастап аға буын өкілдеріне дейін шамамен 100 қатысушы бақ сынады. Ең кішкентай қатысушы небәрі 7 жаста, бірақ соған қарамастан, Қайрат Әбдімәлік қазірдің өзінде әлем чемпионы атанып үлгерген.

Біріншілік ФИДЕ ережесі бойынша швейцар жүйесімен және ФИДЕ рейтингісін есептеу тәртібімен өтті. Жеребе Swiss Manager бағдарламасы арқылы жүргізілді.

Қатысушылар алдын ала тіркеуден өтті. Жеңімпаздар рапид пен блиц қорытындысы бойынша жинаған ұпай санына қарай анықталды.

Турнирдің жүлде қоры 1 000 000 теңге.

«Мұндағы атмосфераның өзі ерекше, әр қатысушы қабілетін көрсете алады. Бұл кез келген адам үшін үлкен тәжірибе деп ойлаймын. Мен 80 жастамын, жас кезімнен шахмат ойнап келемін», – деді жарыстағы ең үлкен ойыншы Төлеген Оразбеков