news-img

2019 жылғы 10 сәуірде сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің бірлескен ынтымақтастығы нәтижесінде Қазақстан Ұлттық мұражайында  француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің «Саржалдың жарқын жастары» көрмесі өтеді.

Суретшінің фотосуреттері аймақтың жаңаруын, өмірдің жаңа тынысын бейнелейді. Бұл авторлық жобаны әдеттегі құжаттық фотосурет саласынан тыс етеді.

Көрме Эрик Ваззолердің 2019 жылдың ақпан айынан бастап Наурыз айына дейін тарихи аймақта жасаған, 35 фотосуретін біріктіреді.

Негізгі кейіпкерлер Шығыс Қазақстан облысының Саржал ауылында, бұрынғы Семей полигонының аумағында тұратын балалар мен жасөспірімдер болды. Ол жерде 40 жыл бойы жаппай қырып-жоятын қару-жарақтар сыналды.  Семей сынақ полигонында барлығын қосқанда шамамен 500 ядролық сынақ өткізілді. Осы жарылыстардың жалпы қуаты Хиросимаға түсірілген атом бомбасынан 2500 есе асып кетті.
      Қазақстанға көп азап шеккізген сынақ полигоны 1991 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жабылды.  Бұл шешім ядролық қарусыз әлем үшін күрестің негізгі белгісі және антиядролық саясатты жүзеге асыратын басқа елдер үшін жарқын үлгі болды.

Эрик Ваззолер өзінің кәсіби мансабын 1968 жылы  Liberation журналының редакциясында және Vu жас агенттігінде бастады. Фотосуретші өзінің шығармашылығын және шеберлік сабағын Франция, Германия, Польша және бұрынғы КСРО елдерінің жастарына арнайды.

Айта кету керек, бұл Тұңғыш Президент Қорының және француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің алғашқы бірлескен жобасы емес. 2017 және 2018 жылдары ол  психикалық-жүйке  ауытқуларымен, Даун синдромымен ауыратын, сондай-ақ көру қабілеті нашар балаларға арнап  фотоға түсіруді үйрететін шеберлік сабағын өткізді. Сабақтың нәтижесі  «Жаңа көзқарас» атты республикалық фотокөрмелер болды

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары француз суретшісінің көрмесін 2019 жылдың 10 сәуірінен 20 сәуіріне дейін көре алады.

 

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру