Нұр Сұлтанда «II Орталық Азия БҰҰ Халықаралық Моделі» ұйымдастырылды
Бүгін Назарбаев оррталығында Жастар жылына арналған «II Халықаралық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты жастар конференциясы жұмысын бастады.
Екі күндік пікір-талас алаңының мақсаты – өскелең ұрпақты әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселелерін шешуге қатыстыру. Конференция жұмысына қатысу үшін 250 делегат жиналды. Қазақстан жастарымен қатар, еліміздің астанасына Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан және Өзбекстан жастары келді.
«Орталық Азия БҰҰ моделі» жобасын Бас серіктес – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының қолдауымен «Ұлан-Қайыр Дала Елі» қоғамдық бірлестігінің жұмысы аясында БҰҰ Моделінің үйлестіру орталығы жүзеге асырды.
Әлемдегі қауіп-қатерлер мен геосаяси қақтығыстар көпті алаңдатады. Оларды шешу әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз, халықаралық диалогты орнатпай мүмкін емес. Бұл ретте жастарға ерекше мән беріледі. Өйткені олардың бүгінгі күнгі проблемаларға және дағдарыстардан шығу жолдары туралы көзқарасы жаһандық саясатты қалыптастыруда және жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Конференция БҰҰ аясындағы ғаламдық идеялардың ашық талқылауында өткізіледі, онда студенттер мен жоғары сынып оқушылары БҰҰ органдарының жұмысын жүргізеді. Бүгінгі іс-шараға БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі – Норимаса Шимомура және Қазақстан Республикасының БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі – Мадина Жарбосынова және Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері белсенді қатысуда.
Ашылу барысында сөз алған Қазақстан Респбуликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов: «Қазіргі уақытта БҰҰ Моделі бұл диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар халықаралық жастар қозғалысы. Бұл қозғалыстың қатысушылары – әлемге деген түрлі көзқарасы бар жас адамдар. Бірақ олардың барлығын біріктіретін – әлемді жақсартуға деген ұмтылыс. Тұңғыш Президент Қоры бұл конференцияны қолдау арқылы, жастарға осы идеяларды жүзеге асыруға көмектесуде», -деді.
Жастардың конференцияға қатысуының маңыздылығын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов атап өтті. «БҰҰ Моделіне жастардың қатысуы өзін-өзі тануға, шет тілін жетілдіруге, көшбасшылық және шешендік қабілеттерге ие болуға мүмкіндік береді. Билікке жас өршіл жас адамдар ұмтылуы керек. БҰҰ органдарының жұмысы бойынша конференция – бұл халықаралық деңгейдегі білім беру форматы. Ол әртүрлі жаһандық мәселелерді талқылауға, ымыраға келуге және елдер арасындағы байланысты нығайтуға үйренуге мүмкіндік береді», - деді.
Конференция аясында жаһандық мәселелер көтерілде. Соның ішінде жойылып кету қаупі бар тілдердің сақталуы, ғарыш кеңістігінде қару-жарақтың таралу өзектілігі, санкциялардың халықаралық саясатқа әсері, мектептерге жасалған шабуыл санының артуы және т.б. сын-қатерлер туралы пікір-таластар өткізіліп жатыр.
Жоғарыда аталған мәселелердің әрқайсысы бойынша шешімді БҰҰ тиісті органдарының мүшелері қабылдайды (Қауіпсіздік Кеңесі, Бас Ассамблея, ЮНИСЕФ, ECOSOC, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және т.б. қатысушылардың біліктілігіне және деңгейіне сәйкес).
Бүгін конференция қатысушылары осы мәселе бойынша өз ұстанымдарын жан-жақты шешуді одан әрі талқылау үшін ұсынады.
Ертең, 28 қыркүйек күні қатысушылар қарар жобаларын дайындайды және дауыс береді. Нәтижесінде көпшілік дауысқа ие болған қарарлар қабылданады және аса белсенділік танытқан делегаттар марапатталады.