«XXI ғасырдағы экскурсия ісі: сарапшылардың кәсіби диалогы»
«Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қорының қызметкерлері — жетекші сарапшы Қоныршин Қайыржан Фазылжанұлы және аға ғылыми қызметкер Әсет Тәттім Ардаққызы Бақыт Камаловна Оразымбетованың құрметіне арналған «XXI ғасырдағы туризм және музей кеңістігі: экскурсиялық қызметтің сын-қатерлері, мүмкіндіктері мен даму перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Аталған конференция 2026 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында өтіп, оған Қазақстанның музей саласы, ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және туризм индустриясы өкілдері қатысты.

«XXI ғасырдағы экскурсоведение теориясы мен практикасы» секциясы аясында Қоныршин Қайыржан Фазылжанұлы «XXI ғасырдағы экскурсиялық қызмет: теориялық тұжырымдар және музейлік тәжірибе» тақырыбында баяндама жасап, экскурсиялық қызметтің заманауи даму үрдістері мен оның музейлік коммуникация тиімділігін арттырудағы рөліне тоқталды.

Конференцияға қатысу музей қызметкерлеріне кәсіби тәжірибе алмасуға, музей ісі мен экскурсиялық қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға және ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
