news-img

Тұңғыш Президент Музейінің делегациясы тарихи-мәдени мұраны сақтау мен таныстырудың заманауи тәсілдерін зерделеу, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи мұрасын пайымдау және дәріптеу контекстінде кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарын жүзеге асырды.

 

Сапар бағдарламасы аясында делегация Баку және Нахичеван қалаларындағы бірқатар жетекші музейлік әрі мәдени мекемелердің, атап айтқанда, Гейдар Әлиев орталығы, Әзербайжан ұлттық тарих музейі, Ұлттық кілем музейі, Гейдар Әлиев музейі (Нахичеван қ.), сондай-ақ Жеңіс музейінің қызметтерімен танысты.

Танысу барысында экспозициялық жобалау, коллекциялармен жұмыс жүргізу, заманауи интерпретациялық және мультимедиалық шешімдерді қолдану, сондай-ақ ағартушылық, білім беру форматтарын дамыту мәселелері қарастырылды. Тарихи жадыны сақтау және оны музей кеңістігінде ұсыну формаларына ерекше назар аударылды.

Танысу іс-шараларының практикалық жалғасы қабылдаушы тараптардың өкілдерімен өткен жұмыс кездесулері болды. Кездесулер барысында тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыруды сынды өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары белгіленді.

Бөлісу