news-img

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен халықаралық Workshop өтті.  Оқыту сабақтары халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының 10 жылдығына арналған.

Іс-шараның мақсаты – Біріккен ядролық зерттеулер институты (Ресей), Ядролық физика институты (Қазақстан) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физиктерінің бірлескен жұмыстарының нәтижелерімен таныстыру, ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар Халықаралық кафедрасының 10 жылдық қызметін қорытындылай отырып, кафедраның болашақ даму жоспарларын талқылау.

Шараға Қазақстан мен Ресейдің жетекші физиктері, сондай-ақ физика-техникалық факультетінің оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Қатысушылар кафедраның жобалары туралы, Қазақстан Республикасында сутекті энергетика технологиясын дамыту, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп мамандарды даярлау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың болашағы және т.б. туралы әңгімеледі.

Бірінші курс докторанты Самал Сәрсенова атап өтті, «Халықаралық воркшоп атақты ядролық физиктермен қатар жас ғалымдар үшін де тамаша сұхбат алаңына айналды. Мен Қазақстан мен Ресейдің танымал физиктерінің жанында болғаныма, физикаға қатысты қойған бірнеше сұрақтарыма байланысты олардың көзқарастарын тыңдағаныма,  аз ғана болса да олардың бай тәжірибесі мен мол білімін қабылдағаныма қуаныштымын. Воркшоп жұмысы барысында Қазақстандағы ядролық және қолданбалы ядролық физиканың даму үрдістері талқыланды, адам ағзасына иондаушы сәулеленудің әсері туралы ядролық медицина саласындағы тақырып көтерілді, үдеткіштердегі ядролық физика зерттеулерінің мәселелері қаралды. Воркшоп барлығымыз үшін өте пайдалы және ақпаратқа толы болды».

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Отличная статья!