news-img

Шәкіртақы оқу озаттарын, қоғамдық өмірге белсене араласатын студенттерді ынталандыруға, сондай-ақ болашағынан зор үміт күттіретін жас көшбасшыларды анықтап, қолдауға бағытталған. Байқау дарынды жастардың қабілетін шыңдап, әлеуетін дамытуына, жаңа жетістіктерге жетіп, тың бастамаларды жүзеге асыруына жол ашады.

Дарынды әрі талапты жастарды қолдау – Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Қор өскелең ұрпақтың зияткерлік және көшбасшылық қабілетін дамытуға жүйелі түрде мүмкіндік жасап келеді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылы 9 желтоқсанда Назарбаев орталығында (Астана қ-сы) өтеді.

Шәкіртақы иегерлерін марапаттарымен құттықтаймыз! Оқуда толайым табыс, жаңа жетістік, батыл идея мен жарқын жеңіс тілейміз!

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2026-2027 оқу жылына арналған студенттік шәкіртақы байқауы жеңімпаздарының тізімі

Бөлісу