Санкт-Петербургте Қазақстан делегациясының Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесуі өтті.
2019ж. 21 мамыр/сейсенбі/ Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры оныншы рет Алматының әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілерін «Мейірім» балалар шығармашылығының фестивалінде жинайды. Іс-шараға сондай-ақ Марат Оспанов атындағы Қоғамдық қор қолдау көрсетеді.
Жобаның мақсаты- әлеуметтік топтың балалары мен жасөспірімдерінің таланттарын ашуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Фестивальде «Мейірім» балалар шығармашылығы конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Конкурс бір ай бұрын сахналық шеберлік, көркемдік-қолданбалы және бейнелеу өнері бойынша өткен болатын. Оған 12 арнайы (түзету) мектеп-интернаттардың және 2 балалар үйінің мыңнан астам тәрбиеленушілері қатысты.
«Мейірім» жобасының міндеті әлеуметтік топ балаларының заманауи қоғамдағы әлеуметтік бейімделуін арттыру үшін сахна және көркемдік өнер салаларындағы қабілеттері мен таланттарын ашу және дамыту, сондай-ақ өнер қайраткерлерінің, меценаттар мен қайырымдылардың ерекше қажеттіліктері бар талантты балаларды қолдау бағдарламаларына деген үлкен назарын тарту.
Конкурстың әділ-қазылар мүшесінің құрамына еліміздің еңек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, танымал музыканттар, продюсерлер мен педагогтар кірді. Олардың қатарында- «Қазақстан Дауысы» жобасының тәлімгері, әнші, продюсер Ева Бехер; «Қазақстан Дауысы» жобасының тәлімгері, вокал бойынша оқытушы, музыкалық продюсер Султана Каражігітова; Абай атындағы МАОБТ солисті, халықаралық конкурстардың лауреаты Зарина Алтынбаева; ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорының лауреаты, «Роксолана» тобының солисті, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі Ғалымжан Секеев; А.В.Селезнев атындағы АХУ арнайы пәндер бөлімінің жетекшісі, білім саласының құрметті қызметкері Светлана Медеубаева және т.б. бар. Конкурстық комиссияны композитор, «Тамшылар» Балалар шығармашылық орталығының жетекшісі Мақсат Жаутиков басқарды.
Конкурс жеңімпаздарына фестивальде кубоктар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі. Өз кезегінде, жобаның дипломанттары мен лауреаттары алдағы мерекенің құрметіне Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында өз шығармашылықтарын сыйлайды.
Мерекелік іс-шара «Арман» кинотеатрында «Покемон. Детектив Пикачу» фильмін тамашалаумен жалғасады.
***
Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді 21 мамыр сағат 15:00-де, Алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі, 35 мекен-жайы бойынша, Жамбыл атындағы филармонияның үлкен концерт залына шақырамыз.
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13