Жас ғалымдар Science School Kaskasu-да не үйренгендерін айтып берді
24-28 маусым аралығында Түркістан облысында ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасының Қоры жанындағы Ғылым бойынша кеңес ұйымдастырған жас қазақстандық ғалымдарға арналған «Science School Kaskasu» ІІІ пәнаралық мектебі өткен болатын. Биылғы жылы республикалық білім жобасының қатысушыларын ғылыми жобаларды ақшалы етуге үйретті. Дәстүрлі түрде мектепке 30 жасқа дейінгі студенттік ұйымдардың жетекшілері, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ Жас ғалымдар кеңестерінің төрағалары, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты.
Бес күндік бағдарламаға қатысу үшін жас ғалымдар алдын ала іріктеуден өтті. 100-ден астам өтінімдердің ішінен ұымдастыру комитеті 27 адамды іріктеп алды. Қолайлы жағдайлар, жайлы көңіл-күй мен таза ауа жас ғалымдарды ғылыми шығармашылық пен идеяларды генерациялауға жақсы атмосфераға бөледі.
Бұл мектептің негізгі мақсаты- жас ғалымдар мен зерттеушілерді ғылыми жобалары мен технологиялық әзірлемелерді ақшалы етіге үйрету екенін естеріңізге сала кетейік. Бұл тапсырманы жүзеге асыру, Н.Назарбаев жариялаған Жастар жылында аса өзекті болады. Қор жанындағы Ғылым бойынша кеңестің мүшелері жас ғалымдарға ғылыми жобаларды қаржыландыру мен қолдау көрсетудің әр түрлі көздерін тартуды үйрену қажет деп есептейді. Бұл мектепті сәтті өту көбінесе жастар ғылымының жаңа коммерциаландыру деңгейіне шығуына ықпал ете алады.
— Мен үшін Science School Kaskasu жазғы мектебіне қатысу- бұл өз зерттеулерім мен идеяларымды ұсыну, жылжыту және коммерцияландыру бойынша жаңа білімдер, тәжірибе мен дағдылар алудың үлкен мүмкіндігі. Онымен қоса, біз барлығымыз үлкен бонус алдық - ол болашақта жемісті нәтижелер беретін және біріккен зерттеулерге дейін өсетін жаңа байланыстар мен таныстықтар — деп өз әсерімен бөлісті биология бойынша PhD докторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Ирина Чидунчи.
Бір апта бойы жазғы мектептің қатысушылары жобаларды басқаруға, командада жұмыс істеуге, қақтығыстарды шешу, ашық сөйлеу дағдылары, тиімді презентациялардың негіздері, копирайттың негіздері және т.б. Бағдарлама жас ғалымдар аталған тақырып бойынша ғылыми жобаның тұжырымдамасын жасай алуы және оны қазылар алқасына ұсыну үшін жасалды.
– Мектеп осындай іс-шаралар үшін жаңа форматта өтті. Топтарда жұмыс жасау жаңа дағдылар мен тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Дәріскерлердің кәсіби деңгейін атап өту керек. Біздің жас ғалымдарымыз жаңа ғылыми байланыстарды жолға қою мүмкіндігіне ие болды. Science School Kaskasu қолданбалы бағыты жас ғалымға өзін-өзі жетілдіруге және әрі қарай ғылыми жетістіктерге жетуге тамаша бастама береді, — деді физика бойынша PhD, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Сыйлығының Лауреаты Алия Альжанова.
Мектептің басында өткізілген тимбилдинг жоба қатысушыларына өзінің көшбасшылық дағдыларын көрсетуге, командалық жұмысқа көңіл бөлуге және ғылыми жобаны әзірлеу және қорғау кезінде табысқа жету мақсатын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
– Science School Kaskasu-ғылымдағы адамдар үшін қажетті жобалардың бірі. Жазғы мектеп командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, өзінің көшбасшылық ұстанымын көрсетуге, тайм-менеджментін және ғылыми импровизацияны жақсартуға үлкен мүмкіндік береді. Менің ойымша, мұндай жобалар жас ғалымдар үшін қажет және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру түрінде жалғасын табуы тиіс, — деп есептейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қолданбалы химия институтының жетекші ғылыми қызметкері Гүльсана Сисенғалиева.
Ғылыми жобаны әзірлеу кезінде жас ғалымдар өзінің ғылымдағы негізгі мамандануына, жеке жұмыс тәжірибесіне және мектепте алған жаңа білімдеріне сүйеніп отырды. Әр командаға көмек ретінде Қор жанындағы Ғылым бойынша кеңес мүшелері мен табысты ғалымдар қатарынан тәлімгер тағайындалды. Ментордың міндеті командаға қатысушыларды қолдау және оларға ғылыми идеяларды инвесторға жеткізудің негізгі қағидаларын түсіндіру болды.
– Қасқасу қаласындағы жазғы мектеп-бұл бізге, жас ғалымдарға өз креативтілігін, идеялылығын және міндеттерді шешуге стандартты емес көзқарасты танытуға мүмкіндік беретін бірегей платформа. Бұл-еліміздің басқа аймақтарындағы әріптестермен қарым-қатынас жасау нүктелерін тауып, өз құзыреттері аясын кеңейтуге болатын алаң. Тұңғыш Президент қорына тамаша бағдарлама мен ұйымдастыру үшін алғыс айтамын, — деді менеджмент бойынша PhD докторы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ассоц.профессор м.а. Жанна Булхаирова.
Мектептің соңғы күнінде жас ғалымдар келесі тақырыптардағы ғылыми жобаларын ұснды: «Дұрыс тамақтану сервисі», «Нашар көретіндерге арналған жаңа буын көзілдірігі», «Білім беру ұйымдарына арналған энергия үнемдеу жүйелері» және «Зиянкестермен күресуге арналған биопрепарат». Командалар өз жобаларының өзектілігін негіздеп, оларды іске асыруға арналған сметаларды қорғады және қазылар алқасына ұсынылатын ғылыми идеяларды коммерцияландыру мүмкіндігі туралы әңгімеледі.
Ұйымдастырушылар барлық жобалар бизнес-саланың өкілі ретінде өз сатып алушыларына лайықты екенін, алайда қазылар алқасы мен ғылыми қауымдастық сарапшыларынан алынған түсініктемелерді ескере отырып, пысықтауды талап етедтіндігін атап өтті. Айта кетерлігі, мектептің басты мақсаты - жас ғалымдарды монетизациялауға және тұтынудың кең нарығына шығуға бағытталған жобаларды жасауға үйрету мақсатына қол жеткізілді.
— Бұл жай ғана мектептен артық. Зерттеу тобында жобамен жұмыс істеу өте қызықты болды. Біздің командамызға нағыз мамандар жиналды және әр адам өз тәсілін ұсынды. Біз көп дауластық. Бірақ бұл-идеялардың бәсекелестігі және ол нәтижеге оң әсер етті, — деп қорытындылады гидротехникалық құрылыс пен ғимараттар бойынша PhD докторы, М.Х,Дулати атындағы ТарМУ доценты Жанғазы Молдамұратов.
ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13