Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары Елбасы Қорының акцияларына қатысты
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Астана күнінің қарсаңында сыйлықтар мен жүлделер табыстап, көптеген тосынсыйлармен мерекелік акциялар ұйымдастырды.
Осылайша, шылым шегуден бас тарту арқылы азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектесуге бағытталған «Дені саудың - жаны сау» акциясы өткізілді. Акцияға еңбек сіңірген спорт шебері, бокс бойныша әлем чемпионы, Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы Ляззат Күйгенбаева және халықаралық спорт шебері, шорт-трек бойынша әлемдік чемпионат медалінің және әлем Кубогының иегері Абзал Ажгалиев қатысып, қолдау көрсетті.
Акция қала әкімшілігінің ғимараты алдында, «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда, Астаналық саябақтағы «Сулы-жасыл даңғылда», сондай-ақ «Жетісу» және «Жерұйық» саябақтарында өтті.
- Біз әрбір акцияға қатысушы бірден шылым шегуді қоятындай ете алмаймыз. Бірақ біз оларға темекінің зияны туралы, темекі шегудің қайтымсыз салдары туралы естеріне салып, өзінің болашағы, отбасының, жақындарының болашағы үшін денсаулығын сақтауға шақыра аламыз...,- дейді акцияның ұйымдастырушылары.
Астананың кездейсоқ кездескен тұрғындары мен қонақтарымен осындай әңгімелесуден кейін белсенділер оларға темекі шегуден бас тартуды ұсынды. Келіскен жағдайда, акцияға қатысушыларға никотин пластырьлар жабыстырылып «NurSOULtan» брендтелген өнімі, сондай-ақ спорт тауарларын сатып алуға Сертификаттар табысталды.
Елорда тұрғындары мен қала қонақтары тарапынан «Welсome to Kazakhstan» қорының акциясы үлкен көңіл аударды. Ол астана қонақтарының қазақ халқының дәстүрлері туралы хабардар болуын арттыруға, қонақжайлылық көрсетуге бағытталған.
Басқа елдерден келген қала қонақтарына қазақ мақал-мәтелін оқу (қайталау) немесе ән айту ұсынылды. Сый ретінде-қонақтар сыйлықтар алды. Бұл ретте ұлттық киім киген акцияның белсенділері өздерінің әнімен және қазақ аспаптарында ойнауымен мерекелік атмосфера құрды.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұйымдастырған «Елорданың жаңа отбасы» және «Елорданың жаңа тұрғыны» акциялары жас жұбайлар мен жас ата-аналарға күтпеген тосынсый болды.
Елбасы Қорының қызметкерлері мен еріктілері Нұр-сұлтан қаласының ХҚКО-ларына, АХАЖ-ларына және перзентханаларына барып, осы күні ата-ана атанған адамдарды және некелерін тіркеген жас жұбайларды құттықтап қайтты.
Акцияның өткізілуіне Қазақстанның танымал адамдары белсенді қолдау көрсетті. Олардың ішінде қазақ опера әншісі, Қазақстан мен Татарстан Республикаларының Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, шахматтан әлем чемпионы, «шахмат ханшайымы» Динара Сәдуақасова, қазақстандық эстрада әндерінің танымал орындаушылары Алтынай Жорабаева, Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Клара Төлембаева болды.
- Бізді осылайша құттықтайды деп тіпті күтпеген едік. Эстрада жұлдыздарынан тамаша тілектер, гүлдер, сертификат, сыйлықтар алдық. Бізге осындай мерекелік көңіл-күй жасалды. Рахмет!- дейді жас жұбайлар Анатолий және Полина Макущенко.
- Бізде бүгін бақытты күн. Ұлымыз дүниеге келді! Алайда акцияның ұйымдастырушылары бізге тағы да көптеген қуаныштар мен жағымды эмоциялар сыйлады. Босану үйінен шыққанымыз сол еді- бірден музыка, құттықтаулар және сыйлықтар. Өте керемет! Үлкен рахмет! – деп бөлісті эмоцияларымен жас ана Жанна Шоқаева.