news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 24.01.20 — 24 қаңтар күні Халықаралық білім күні қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Білім мен тәрбиеге жаңа көзқарас" атты республикалық форум өтті. Ауқымды іс-шараға қатысушылар 2030 жылға дейінгі Тұрақты дамудың барлық 17 мақсатына (ТДМ) жетудегі білімнің маңызды рөлін атап өтті.

 

 

24 қаңтар күні Халықаралық білім күні қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Білім мен тәрбиеге жаңа көзқарас"атты республикалық форум өтті. Ауқымды іс-шараға қатысушылар 2030 жылға дейінгі Тұрақты дамудың барлық 17 мақсатына жетудегі білімнің маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, спикер жас қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін және оларды сапалы білім алуға ынталандыратын Қордың жеке бағдарламаларын таныстырды.

 

— Мысалы, Қор студенттерге арналған мотивациялық стипендиялық бағдарлама құрды, соның арқасында жыл сайын 80 үздік, дарынды және креативті жастар біздің қолдауымызға ие болады. Сонымен қатар, Елбасы қорында «Тірегі сендер елімнің» атты студенттік фестиваль бар, ол жерде қатысушылар өздерінің эмоционалдық ақыл-парасатын, кәсіпкерлік дағдыларын дамытып, командада жұмыс істеуге үйренеді. Осы бағдарлама аясында біз жобаларды іске асыруға гранттар бөлу арқылы қазақстандық жастардың бизнес-идеяларын қолдаймыз, сондай-ақ олардың стартаптарына жетекшілік етеміз.

Ғылыми-зерттеу қызметінде, "Жас ғалымдардың үздік кеңесі" және "Болашақ ғалымдары" конкурстарын жеке атап көрсету керек. Яғни Қазақстанда сапалы білім беруді дамыту үшін, атап айтқанда №4 ТБО-ның жетістіктері үшін, Қорда үлкен жұмыс жүргізілуде, — деді Ж. Темирбекова.

 

ЕТУ ректоры инклюзивті білім беру, гендерлік теңдік және адам құқығы саласындағы ТБО-ға қол жеткізуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша өз ЖОО-ның табысты тәжірибесімен бөлісті.

 

Форумға ҚР БҒМ өкілдері, халықаралық және отандық білім беру ұйымдарының басшылары, ЖОО оқытушылары, психологтар мен мұғалімдер қатысты.

 

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру