news-img

Елімізде Тұңғыш Президент Қорынан қолдау алған әлеуметтік-бағдарланған жобалар жүзеге асырылуда. ҮЕҰ үшін көмек көрсету орталығы және Алматыдағы қазақ тілін үйренуге арналған клуб, Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жағажай, Ақмола облысында балаларды гуманистік тәрбиелеу бойынша креативті фестиваль – олардың барлығы Елбасының Қоры 2005 жылдан бері өткізетін әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсының жеңімпаздары болып табылады.

Бүгін біз тағы бір жобаны ұсынуға қуаныштымыз-бұл 16 жастан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Марс» инклюзивті шеберханасы. Осы жазда Атырауда «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының күшімен шығармашылық орталық ашылды. Жоба «Аман келешек қатар!» номинациясы бойынша «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Тұңғыш Президент Қорының грантының иегері атанды.

«Марс» креативті-әлеуметтік кеңістігінде пішу және тігу, ағылшын тілі, SMM-менеджер мамандығын игеру, мүсіндеу және қолөнер курстары ашылды. Сондай-ақ мұнда жастарды әлеуметтік жобаларды жүргізуге үйрететін тренингтер өткізіледі.

«Жүректен жүрекке» ҚҚ жетекшісі Гүлбарам Ермұханова инклюзивті шеберхананы ашу мақсаты халықтың қауқары аз топтары үшін кедергісіз орта құру болып табылатынын атап өтті.

— Жоба біздің балаларға қолдау көрсетуге, өзін бүкіл қазақстандық қоғамның бір бөлігі, өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінуге мүмкіндік берді. «Марс»-тың мүмкіндігі шектеулі жастардың бейімделуі мәселелеріне қоғам мен мемлекеттің назарын аударғаны қуантады, — деді шығармашылық шеберхананың құрастырушысы.

Орталықта бір уақытта 50 адам ата-анасының, әлеуметтік қызметкерлердің немесе балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты туыстарының сүйемелдеуімен шеберханада оқу кезінде бола алады. 

 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры

баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Медиа жаңалықтар
Бөлісу