«Myń bala» олимпиадасының қатысушылары үшін маңызды ақпарат
Құрметті ата-аналар мен 5-6 сынып оқушылары, «Myń bala» Ұлттық Олимпиадасының І кезеңі аяқталды.
Ұлттық олимпиада Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында өткізілуде, негізгі ұйымдастырушы - «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры.
Олимпиаданың I кезеңіне еліміздің ауыл мектептеріндегі 5 және 6 сыныптағы 295 мың оқушы қатысты.
Іріктеу сырттай (оқушылардың қатысуынсыз) жүргізілді - балалардың үлгерімі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-да жиналды және талданды.
«Myń bala» олимпиадасының II кезеңіне өткен 5000 қатысушылар тізімі БҮГІН, 2020 жылдың 10 наурыз күні, сағат 20:00-де www.fpp.kz сайтында жарияланатынын хабарлаймыз.
5000 қатысушы өтетін компьютерлік тестілеу уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.