news-img

Алматыда 27мамыр /дүйсенбі/ «Әлеуметтік жұмыстағы алуан түрлілік және әлеуметтік әділдік: зерттеу, тәжірибе және білім беру» атты апталық халықаралық жазғы мектеп басталады. Әлеуметтік жұмыс саласындағы оқушы жастар мен шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтетін форумды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырады.

Жас мамандар мен болашақ әлеуметтанушыларға арналған дәрістермен Қазақстан, АҚШ, Ирландия және Ұлыбританияның әлеуметтік жұмыс профессорлары сөз сөйлейді. Олардың қатарында Питцер Колледждің профессоры Жунісбай А., ҚазҰУ оқытушысы, Ноттингем университетінің PhD Қазыбекова У. М., Тринити-колледждің профессоры Роберт Гиллиган және т.б. бар.

Сарапшылар өз дәрістерінде осал жастармен әлеуметтік жұмыс мәселелерін көтереді, адами дамудың экологиялық моделін талқылайды, әйелдердің жұмыс пен бала тәрбиесін қатар алуы туралы баяндайды, сондай-ақ балалар мен жастар үшін институционалдық қамқорлықтың баламаларын таныстырады.

Жазғы мектептің жұмысына Қазақстан, Гонконг, Канада және Қытайдың 80-нен астам студенті қатысады.

— Жазғы мектеп қатысушыларының мұндай үлкен құрамы, шыққанда әркім әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік зерттеулер аймағында жаңа дағдылар алатындығын, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға шабыттанатындығын және кәсіби жоспарларын жүзеге асыру үшін күшті серпін алатындығын білдіреді,- дейді Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров. — Бұл мектептің мазмұнды бағдарламасы іс-шаралардың барлық қатысушыларын қоса отырып тиімді нетворкнг қалыптастыруға ықпал етеді. Іскерлік байланыстар орнату тәжірибесі оқушы жастар үшін болашақта жұмысқа орналасқанда мықты демеу болатындығына көзім жетеді.

Форум аясында әлеуметтік жобалардың тұсаукесерлері, қазіргі уақыттың әлеуметтік мәселелері туралы фильмдерді көрі, әлеуметтік зерттеулер бойынша талқылау өтеді. Жазғы мектептің қатысушылары сондай-ақ тұрмыстық зорлық құрбандарының баспаналарына және Аналар үйіне барады, олардың мамандары өздерінің әлеуметтік жұмыс тәжірибесімен бөліседі.

Қоса кетерлігі, халықаралық жазғы мектеп әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде алуан түрлілік пен ерекшеліктерді күшейтуге байланысты білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал етуге арналған.

Форумның арқасында, әлеуметтанушы-студенттер мен жас мамандар әлеуметтік қызметтердің тәжірибесін зерттейді, әлеуметтік мәселелердің новаторлық шешімдерімен танысады, сондай-ақ тәжірибесі үлкен ғалымдар, сарапшылар мен тәжірибешілердің аузынан әлеуметтік жұмыстың заманауи білімдерін алады деп күтілуде.

Түсініктеме қалдыру