news-img

Ғылыммен айналысу қызықты емес, ал ғалым мамандығы- табыссыз деп есептеледі. Алайда адам өмірінің көптеген салаларын қарқынды қамтып келе жатқан жаңа технологияларды дәл ғалымдар жасаған. Ғылымсыз мемлекет бәсекеге қабілетті бола алмайды. Ғылымды жастар үшін қызықты ету үшін, студенттердің өздерін көрсете алатындай және өздерінің ғылыми потенциалын байқата алатындай мүмкіндіктер мен алаңдар құру қажет.

Мұндай танымал алаң бүгін Алматы қаласында қорытындысы шығарылған, студенттер арасындағы «Болашақ ғалымдары» конкурсы болып табылады. Жиырма жас ғалымның жұмыстары үздік теп танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табысталды.

Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық бағыттардағы «Болашақ ғалымдары» ғылыми жұмыстар конкурсы 2008 жылдан бері өткізіледі. Бұл еліміздің жас ғалымдарын анықтау мен қолдауға бағытталған Тұңғыш Президент Қорының маңызды конкурстарының бірі.

Бұл сайысқа қатысу қазақстандық студенттерді кәсіби дамуға ынталандырады. Сондай-ақ жоба еліміздің оқу орындарын талантты жастардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға ынталандыруға арналған.

Биылғы жылы еліміздің 31 жоғары оқу орындарынан 237 бакалавриат және магистратура студенттері ғылыми жұмыстарын жолдады. Конкурсқа қатысушылар 231 зерттеу жобасын таныстырды- 13 ұжымдық және 219 жеке жұмыс.

Жеңімпаздарға Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров, ҚазҰУ әлеуметтік даму бойынша проректоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Джаманбалаева, Қор жанындағы Ғылым бойынша Кеңестің төрайымы, Қазақстанның әлеуметтанушылар Академиясының академигі Гульмира Абдирайымова және Орталық Азиядағы жаһандық денсаулыұ зерттеу орталығының Жоба менеджері, Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс магистрі Гульнара Жакупова марапаттар табыстады.

Конкурсқа қатысушылардың ұсынған жұмыстары аймақтық және республикалық көлемде өзекті екендігін айта кетелік. Жас ғалымдар мен зерттеушілердің жобалары нақты ғылыми-практикалық мәселелерді шешуге бағытталған.

Түсініктеме қалдыру