news-img

Қазақ халқының дәстүрі, тарихы мен Қорғалжын қорығының табиғатының әсемдігімен танысу үшін «Ұлы дала мәдениетіндегі құстардың символикасы» атты I шығармашылық фестивалі өтті.

Жоба – Елбасы қорының Үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар және жобалар іс-шарасының 2018 жылғы жеңімпазы.  Фестиваль балалардың дүниетанымын, жастардың гуманистік тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі әлемдегі бұл фактор ғылым мен гуманитарлық ғылымдардың өзара әрекеттесуін арттырудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

– Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі басталған кезден 250 әлеуметтік жоба іске асырылды. Фестивальдің бірегейлігі балалардың эклогияға назарын аударып, жастардың бойына адамгершілік сезімін енгізу. Қазіргі заманда бұл ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білімдердің ынтымақтастығының бірден бір күші болып табылады, – деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының аға үйлестірушісі Гүлнара Ершиманова.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және «Қорғалжын экологиялық обсерваториясы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған фестивальға 150 бала қатысты. Оның мақсаты – ең алдымен ұлттық мәдениетті насихаттауға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, балалар мен жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, рухани, физикалық дамуына ықпал етуге бағытталған.

Құралай Түспекова – «Қорғалжын экологиялық обсерваториясы» ММ директоры «Ұлы дала мәдениетіндегі құстардың символикасы» шығармашылық фестивалі алғаш рет өткізіліп отыр. Оны жүзеге асыру Тұңғыш Президент Қорының әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі жобасы аясында мүмкін болды. Сонымен қатар Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімшілігі бізді қолдады. Шарамызға қатысу үшін Ресей мен Қырғызстаннан далалардың келгені қуантпай қоймайды. Өйткені фестиваліміздің тақырыбы құстарға арналған. Осылай жастарға шығармашылық арқылы орнитологияға деген сүйіспеншілігін тудыру болды мақсатымыз», – деді.

Іс-шара барысында қызықты тренингтер, түрлі семинарлар және спорттық турнирлер өтті. Қолөнер дүкенінде шеберлер қолөнер бойынша сабақ өткізді. Аудан стадионында спорт ойындары өтті.

Сонымен қатар облыс әкімінің кубогы үшін жастар арасында спорттық туризм бойынша турнир ұйымдастырылды. Фестиваль қонақтары жергілікті бағдарлау бойынша жалпы білім алып, жарыстарға да қатысты.

Оларға фестиваль қатысушылары «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Хореография», «Вокал», «Театр өнері», «Аспаптық өнер» атты алты алаң аясында өз өнерлерін көрсетті.

Вокал бойынша жеңімпаз Әділ Сұлтан өз болашаққа деген жоспарымен бөлісті:

  • Мен Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар», Айқынның «Туған жер» әнін орындадым. Мен 19 жастамын және осы конкурсқа қатысып, түрлі облыстан келген 14 қатысушы арасынан топ жарғаныма өте қуаныштымын. Болашақта опералық әнші болсам деймін. Осындай конкурстар көп болсын! Бұл бізге үлкен демеу және өз күшімізге сенім бертін шара, – деді ол.

Фестиваль қатысушыларына да қонақтарға да есте қаларлығы Қорғалжын қорығына барып, Нұра өзені бойынша рафтингке қатысып, аспан астында өткен би кешіне қатысу болды.

Түсініктеме қалдыру