news-img

Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының студенттік стипендиясына арналған республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды. Биыл 350-ден астам өтінім арасынан конкурстық комиссия 80 жеңімпазды таңдады. Жаңа стипендиаттар Caspian University концерт залында құрметке ие болды. Оларға ай сайынғы стипендиялар мен төсбелгілер берілді және олардың әрқайсысы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты» мәртебесін алды.

Байқаудың тоғыз жылдық тарихында 639 адам Елбасы Қорының шәкіртақысына ие болды. Оның негізгі мақсаты – жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындары күндізгі бөлім студенттерінің оқу, ғылым мен шығармашылық жұмысын насихаттау. Сайыс екі турдан тұрады. Бірінші кезең оқу орнында өткізіледі. Екінші кезеңде үміткерлердің өтінімдері Тұңғыш Президент Қорының конкурстық комиссиясына түседі, онда нақты жеңімпаздар анықталады.

Сонымен, жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Түркістан, Өскемен және Шымкент қалаларының студенттері арнайы шәкіртақыға ие болды. Олар академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіштеріне ие, студенттер мен оқытушылар арасында беделі жоғары, сонымен қатар оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысады. Стипендиаттар өз жетістіктерін екі жылдық оқу кезіндегі GPA жоғары балл алған транскриптермен, сертификаттармен, дипломдармен, мақалалармен, ғылыми конференциялардағы баяндамалармен растады.

– Студенттік стипендия конкурсы Елбасы Қорының негізгі бағыттарының бірі. Ол елдің дарынды жастарын анықтау және қолдау үшін жүзеге асырылады. Жарыс адал өтті. Нәтижесінде дарынды да шығармашыл 80 студент анықталды. Енді оқу жылы бойы конкурстың жеңімпаздары ай сайын стипендия алады. Қордың мұндай қолдауы тек студенттердің еңбегін лайықты бағалау ғана емес, сонымен бірге алға ұмтылуға дем береді. Бұл мектептегі, ғылыми зерттеулердегі және шығармашылықтағы жаңа биіктерді бағындыруға нақты ынталандыру. Қордың байқауларына қатысу студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді деп есептеймін», – деді Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

Жастарды құттықтауға кәсіпкер және қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген; кәсіби боксшы, еңбек сіңірген спорт шебері Қанат Ислам; Синергия университеті Қазақстандық өкілдігінің бас директоры, Education Standard корпорациясының президенті Бауыржан Қасымбергебаев; жас шахматшы, халықаралық гроссмейстер және халықаралық ерлер шебері Жансая Әбдімәлік; «Хабар» агенттігінің Алматы жаңалықтар бюросының бас редакторы Талғат Құспаев; Ғылым және техника саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, PhD докторы Оксана Киричок; жас ғалым, Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ғылым жөніндегі кеңес мүшесі Николай Верещагин; 2015 жылы стипендиатымыз, «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мәди Ахметов; 2013 ж. Малайзиядағы Азия жастар паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, қоғам қайраткері және жас кәсіпкер Серік Есматов т.б.

Олардың әрқайсысы стипендиаттарға жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі. Табысты және танымал адамдардың қолынан лайықты марапат алу – студенттер үшін үлкен мәртебе және баға жетпес сыйлық. Олар рәсімнен кейін алған әсерлерімен бөлісті.

– Бұл жеңіс жаңа мүмкіндіктер мен мақсаттарға жетелейді, ынталандырады. Менің профессорым: «Талант – бұл әрекет етуге бағытталған ерік» деп жиі айтады. Осыған орай, Тұңғыш Президент қорының стипендиясы маған өз әрекеттерімді мақсаттармен еркін сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Мен үшін бұл кәсіпқойлық әлеміне жасалған үлкен қадам және музыка мен өнерге толықтай ену мүмкіндігі», – деді Құрманғазы ат Қазақ ұлттық консерваториясының 4курс студенті Аршат Шәріп.

Айта кету керек, студенттер салтанатты шара қатысушыларына сый жасады. Шығармашыл жастар музыкалық және хореографиялық нөмірлер қойды. Жиналғандар «Бүлдірген» халық әні, аспаптық нөмір Take Five (Dave Brubeck), «Mamaliye» және «АйнаLine» хорының орындауындағы шығармалар, «Undo» (Sanna Nielson), «Менімен Биле» (Айдана Меденова) музыкалық туындылары және классикалық музыканың шедеврі March With Me (Vangelis) шырқалды. Сонымен бірге қазақтың «Қарлығаш пен жаңбыр» биін биледі.

Стипендияларды тапсыру рәсімі аясында Тұңғыш Президент Қорының жастарға арналған конкурстық бағдарламалары мен білім беру жобаларының таныстырылымы өтті. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінші және екінші курс студенттеріне Қордың стипендиялары, «Болашақтың ғалымдары» атты үздік ғылыми жұмыс, еліміздің жас ғалымдарының үздік кеңесі атағы, «Жас Толқын» студенттік байқауы, «Science Slam» интеллектуалдық дуэль және танымал ғылыми шоу, «Миллионға идея» инновациялық бизнес-жобалар конкурсы туралы толығырақ айтылды.

Сонымен қатар Қор мамандары жастарды шығармашылық жобалар, ғылыми зерттеулер және гранттық байқауларға қатысуға, конкурстарға, шеберлік сыныптарына, конференцияларға, симпозиумдарға, биеннале, конгресстерге және т.б. қатысуға шақырды.

– Елбасы Қорының шәкіртақысы қаржылық қолдау ғана емес. Бұл өзіндік сапа белгісі, яғни өзіңді қазақстандық студенттердің үздіктер қатырында екеніңді сездіреді. Мен көптеген жарыстарға қатысып жүрмін, бірақ бұл жолы қиын болды. Өтінімді екі жыл қатар жібердім. Бұл жолы сәті түсіп «стипендиат» атандым.  Мұндай қолдау шығармашылықпен және ғылыммен айналысу үшін одан да көп мүмкіндіктер мен перспективаларды ашатынына сенімдімін, – деді А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Сырым Жанжігітов.

Еске сала кетейік, 2010 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры студенттердің стипендиясына конкурс өткізеді. Оған Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қатыса алады.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Көмекке мұқтаждардың барлығына сәлем,
Мен сізге үнді дәрігерін таныстырғым келеді, ол сіздің мәселелеріңізді шешуге көмектеседі.

Егер сіз Гербтің жүкті болуын қаласаңыз.
Егер сіз емле алғыңыз келсе, бұрынғы / ғашығыңызды қайтарыңыз.
Ақша алғыңыз келсе әрқашан сізге келеді.
Егер сіз өзіңіздің бизнесіңіздің өркендеуін қаласаңыз.
Егер сізден кейін біреудің жоғалуын қаласаңыз.
Егер сіз жедел ақша рәсімін алғыңыз келсе.
Және басқалар. Ақ сиқырлы шебер сізге кез-келген ауруды емдеуге көмектесе алады, ол күшті дәрігер, сіз электронды пошта арқылы байланыса аласыз. wightmagicmaster@gmail.com