news-img

Қазақстанның табиғаты ерекше! Әртүрлілігімен таң қалдырады. Шексіз құмды шөлдер аспанмен таласқан тау шыңдармен шалғындарға жалғасады.  Тоғай ормандар кең далаға жақын орналасқан. Сусыз шөлейт жерлерге  көрік берген терең көлдер, теңіз бен өзендер.

Орта ғасырдағы шығыс сәулет өнерінің үздік үлгілері  өткен ғасырдың көне көздері мен Елорданың ультрамодернді өнерімен керемет үйлесім тапқан.

Мұның бәрі тек шетелдіктер үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген қазақстандықтар үшін, елдің шекарасынан шықпай-ақ ландшафты сұлулықты көруге, ұлттық тағамдардың ғажайып дәмін татып, түрлі мәдени үлгілермен танысуға мүмкіндік беретін таңғажайып  саяхат көзі бола алады.

Мемлекеттік тілді дамыту  қорының  https://qazaqstan3d.kz/ сайты осы мүмкіндіктің таптырмас демеушісі.

Сайттың дизайны дәстүрлі сурет өнері мен 3D-графика  және заманауи технологиялардың алдыңғы қатарлы жетістіктерін тоғыстырған.

Ыңғайлы және қарапайым формада  аймақтарға бөлінген  елдің панорамасы ұсынылған. Сайт сондай-ақ еліктіретін саяхат үшін қажет локацияның сан алуан түрін ұсынады.

Еліміздің сұлу табиғатын біздің сайтымызбен бірге тамашала, киелі орындардың тарихымен таныс, Қазақстанның көз тоймас табиғатымен тыныста.

Түсініктеме қалдыру