news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ — 25 желтоқсанда Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының ұйымдастыруымен қытай тілі мен мәдениеті Орталығының ашылуы өтті. Ол мегаполистің іскерлік бөлігінде орналасқан Caspian University жаңа корпусында жұмыс істейді.

 

Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Гэн Липин сөз сөйледі. Дипмиссия жетекшісі өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының және Caspian University басшылығына қазақстандық студенттер өздерінің кәсіби дамуы үшін шет тілін меңгеруге мүмкіндік алатын орталықты құрғаны үшін алғысын білдірді.  

 

— Тұңғыш Президент Қоры мен Каспий университеті талантты жастарды жан-жақты білім алуға және дамытуға деген ұмтылысын қолдай отырып, аса маңызды және игі миссияны орындайды. Қазақстан мен Қытай - көптеген мәселелер бойынша бір-біріне маңызды стратегиялық серіктестер болып табылады. Біздің елдеріміздің университеттері арасында студенттер алмасу сәтті жүріп жатыр. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға қуаныштымыз. Ал мұндай орталықтар студенттер үшін халықаралық білім алу жолындағы алғашқы қадам болып табылады, — деді Бас консул.

 

Қытай тілін үйренуден басқа, орталық тыңдаушылары көрші мемлекеттің мәдениетімен жақынырақ таныса алады. Мұнда сондай-ақ, қатысушылар Қытай халқының салт-дәстүрлерімен, ас үйімен, осы елдің қазіргі заманғы сәнімен және жастардың өмірімен жанасатын "Қытайды ашу" атты ортақ атаумен кездесулер өтеді.

 

— Каспий университеті Елбасы қорының бұрынғы стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Біз бірлесіп қазақстандық жастар үшін оның ғылым, мәдениет және IT бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламалар мен бастамалар жүзеге асырылуда. Осы жобаның арқасында қытай тілі мен мәдениетін үйренгісі келетін студенттерде өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін тағы бір мүмкіндік пайда болды, деп атап өтті,  Алматыдағы Тұңғыш Президент Қоры өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

 

Сондай-ақ, орталықта Қытай Халық билері мен тайцзицюань әскери өнер секциялары жұмыс істейтін болады. Орталық пен Caspian University жоспарларында – ҚХР ғалымдарымен ғылыми байланыстарды дамыту және нығайту және Қытай жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарламасын әзірлеу бар. Университет ректоры, профессор Жолдасбек Нусенов жыл сайын гранттық негізде 10 студентті ҚХР-ға жіберу жоспарланып отырғанын хабарлады.

 

Тұсаукесерге сондай-ақ Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Халықаралық экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Антон Бугаенко қатысты. Қазақстанда танымал қытайтанушы өз үлгісінде оқитын жастарға шет тілдерін меңгерген жас мамандардың алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру