Дарынды IT-мамандарға арналған бағдарлама
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды IT-мамандарға арналған «Smart Zholy» бағдарламасына өтініш қабылдауды одан әрі жалғастырады.
«Smart Zholy» - бұл қазақстандық стартаптар мен дарынды бағдарламашыларға ірі әлемдік корпорациялармен бірлесіп сандық жобаларды құруға және Азия нарығына шығуға берілген бірегей мүмкіндік.
Осы жылы, COVID-19 пандемиясының аясында «Smart Zholy» бағдарламасы қашықтағы форматта өтеді. Қатысушыларға қойылған басты тапсырма - COVID-19 вирусының таралуына шектеу қоятын сандық шешімдер ұсыну. Бағдарлама аясында Сингапурдың ірі мемлекеттік агенттіктері осы мәселені шешуде қазақстандық IT-топтарға тәлімгерлік көмек көрсетеді.
«Smart Zholy» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді еліміздің кез-келген аймағынан келген стартаптар бере алады, алдын-ала кезеңнің қорытындысы бойынша 15 ақтық команда іріктеледі. Бұл командалар сингапурлық мамандардың жетекшілігімен 8 аптаға созылатын қашықтықтан оқыту бағдарламасынан өтеді. Командалар өздерінің жобаларын ірі Азия корпорацияларына ұсынады, ал олар ары қарай қолдау көрсету үшін жеңімпаз атанған 5 жобаны таңдайды.
Бағдарламаға қатысу үшін сауалнаманы толтырып, оны smartzholy@fpp.kz электрондық поштасына жіберу керек.
Өтінімдер 2020 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
Бағдарлама туралы ақпарат және өтінім үлгісі:
Smart Zholy Ережесі
Өтініш үлгісі
Байқауға қатысу үшін + 7701 773 5665; +7 7172 708 306 телефондарына хабарласыңыздар. Сұрақтарыңызды a.mamlyutova@fpp.kz электронды поштасына жіберуге болады.