news-img

2019 жылы Тұңғыш Президент Қоры алғаш рет «El maqtanyshy» сыйлығын тағайындады. Бұл жоба - беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлде алған  мектеп оқушылары мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлеріне арналған. Олимпиадашылар мен тәлімгерлер үшін берілетін сыйлық мөлшері бірдей: алтын - 2 миллион, күміс - 1 миллион, қола - 500 мың теңге болып бекітілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы алтын лауреаттарды өзі марапаттады. Олар - Республикалық физика-математика мектебінің түлегі Сардарбеков Батыр мен оның тәлімгері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің магистранты Сатылханов Темірлан болды.

Сонымен бірге  «El maqtanyshy» сыйлығын алғандар арасында  - Алматы қалалық  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі және олимпиадалық резервтер тәлімгері,  «GKB Ғылым Академиясы» білім орталығының бас тәлімгері Нұрсұлтан Хажымұратов та бар.

Хажымұратовтың  -  Нұртас Шынтас, Қасым Мұханбетияр және Әлібек Оразалин есімді үш оқушысы 2019 жылы математикадан International Mathematica Olympiad атты Бүкіләлемдік олимпиадаға қатысты. Нәтижесінде олар қола жүлдегер атанды. 

Біз олардың алған әсерлері, айтқан кеңестерімен бөлісіп, қолдарына тиген миллионды қалай жұмсағанын білген едік.

Нұрсұлтан Хажымұратовтың айтуынша бұл жүлде ол үшін  тосын сый болды.

«Әрине, қобалжыдық, менің еңбегім, ең бастысы балалардың жұмысы өте жоғары бағаланды. Әрине, мемлекет тарапынан осындай қолдау болғаны олардың жұмысын одан әрі жақсартуға, алға ұмтылуға және жеткен жетістікпен тоқтап қалмауға түрткі болды», - дейді ол.

Нұрсұлтан математикадан көптеген халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, алайда әлемде осындай олимпиадашыларға қолдау көрсететін елдер қатары сирек екенін айтады.

Математика мұғалімі алған сыйлығын қайда және қалай жұмсағанын да айтып берді. Ол қаржының бір бөлігін жақын досы мен әріптесіне берген, ал қалған бөлігін қашықтан жұмыс істейтін өзінің оқушыларының жол шығынына жұмсаған. Осының арқасында тәлімгердің шәкірттерінің қасында болып, олимпиаданың қалалық кезеңіне дайындалуына көмегі тиді.

2019 жылғы Халықаралық математикалық олимпиада қола жүлдегерлерінің бірі, «Haileybury Almaty» мектебінің студенті Нұртас Шынтас та құрдастарына көптеген кеңестер берді. Ол халықаралық жарыстарға дайындықты мүмкіндігінше ертерек бастау қажеттігін айтады. Дайындықта қажет басты қасиеттердің бірі - ерік-жігер, ол алға ұмтылуға, ізденісті жалғастыруға көмегін береді.

«Олимпиада алдында босаңсымаңыз «тонуста» болғаныңыз абзал. Физикалық тұрғыда шаршаған жөн, сонда сіз берілген тапсырмаға тың оймен кірісесіз. Олимпиада кезінде өзіңізді қалай ұстау қажеттігіне емес, берілген тапсырманы орындауда ойыңыз жинақы болуына көңіл аударыңыз», - дейді Нұртас.     

Мектеп оқушысы бұл жүлденің, оның ішінде қаржылық қолдаудың тосын сый болғанын айтады - «Елдегі олимпиада қозғалысын мемлекеттің қолдағаны өте жағымды әсер қалдырды.»

Жүлдегер музыкамен айналысатындықтан, ол Қор берген сыйақыны  жаңа музыкалық аспаптар сатып алуға жұмсаған. 

«Haileybury Almaty» мектебінің тағы бір жүлдегер оқушысы Қасым Мұханбетияр өзінің жеткен жетістіктерімен бөлісті.

«Мен 5-сыныпта оқып жүріп математика пәнінен олимпиадаға қатысуға қызықтым, Алматыдағы 165 лицейдің 7-сыныбынан бастап Халықаралық математикалық олимпиадаға қатысу үшін қарқынды түрде жаттыға бастадым. Ынта бар - яғни табандылық бар, сонымен қатар орындалған жұмыстың рахатын сезінетінің тағы бар.  «El maqtanyshy» сыйлығы туралы алғашқы жаңалықты IMO-ға барардың алдында ғана естідім. Бұл күтпеген жаңалық еді, алайда мен үшін және басқа балалар үшін  ынталадыруға бастайтын жол екеніне сенімдімін»,  - дейді Қасым.

Шәкірт өзінің алған сыйақысына теледидар алған.  

«El maqtanyshy» сыйлығының иегері және ІМО жүлдегері, Алматы қалалық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Әлібек Оразлин күн сайын дайындыққа қанша уақытын бөлетінін айтып берді.

Жасөспірімнің айтуынша 7 сыныптан бастап әр күнгі 20 сағатын дайындыққа арнаған. 

«El maqtanyshy» сыйлығы туралы жаңалықты алғаш естігенімде, бізге ақшалай сыйлық береріне сенбедім, өйткені бұл бірінші рет өткен шара болатын. Мұндай қолдауға таң қалдым, әрі қуандым. Ақшалай сыйлықты ала отырып, елде олимпиада қозғалысына көп көңіл бөлінетіні мені ерекше әсерде қалдырды. Мектеп бітіргеніме қарамастан, бұл жүлде жұмсалған күш-жігердің зая кетпегенін ұқтым, алға ұмтылуға ынталандым, еңбегімнің зая кетпегін түсіндім. Мынадай сөз бар ғой «you get what you give» - «не ексең соны орасың», -деп ойын түйді Әлібек.  

Осы айтылған оқиғалар тек табанды еңбек, өзіңді-өзің шыңдау және ұдайы өз білім деңгейін арттыру арқылы алға қойған мақсатқа жетуге болатындығын дәлелдейді. Алға жас қазақстандықтар!

Түсініктеме қалдыру