news-img

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығы тарихқа мемлекеттің дамуы мен жан-жақты жаңғыруы кезеңі ретінде енеді. Бұл елдегі бұрын-соңды болмаған табыс пен ұлы стратегияларды жүзеге асыру уақыты.

Еліміздің жан-жақты жетістіктері - бұл еңбекқор халықтың, Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы, республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың табысты саясатының нәтижесі.

Елбасының даналығы мен көрегенділігі 90-жылдардың басында елді терең дағдарыс жағдайынан шығарумен қатар, бірнеше онжылдық бойы мемлекеттің дамуына саяси, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық негіз құра алатындығында айқын көрінеді.

Семейдегі ядролық полигонды жабу арқылы ол әлемге Қазақстанның ашықтығы мен бейбітшілігін көрсетті. Бұл шешім, әрине, әлемдік тарихқа еніп, елімізге деген құрметті күшейтті.

Жаңа саяси жүйенің құрылуы және сәтті жұмыс істеуі, нарықтық экономикаға көшу, ел ішіндегі ұлтаралық саясаттың бірегей моделін жүзеге асыру және ұлттық бірегейлікті сақтау - осының бәрі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның табысының кілті еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз халықаралық аренада танылды, үлкен беделге ие болды, ұлтаралық келісімнің үлгісін көрсетті. «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындадық және бүгінде жаңа мақсаттарға нық қадам жасаймыз!

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобаларының лауреаттары мен белсенді қатысушылары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтайды және зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және Отанымызды дамытудағы барлық жоспарының орындалуын тілейді!

Түсініктеме қалдыру