news-img

Бұл ой Алматыда 14 шілдеде өткен «Коронавирус жағдайында  МЖӘ және жеке денсаулық сақтау жобаларын дамыту бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру» тақырыбында өткен бейнеконференция кезінде айтылды. Ол «Елбасы Академиясы» Корпоративтік Қорының бастамасымен «Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді дайындау» Бағдарламасының пікірталас алаңындағы жекеменшік сектордағы қазақстандық денсаулық сақтаудың өзекті проблемаларын талқылау үшін жекеменшік медициналық компаниялар, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы мен «Атамекен» ҰКП өкілдерін және тәуелсіз сарапшылардың басын қосты.

Бейнеконференция модераторы, «Салауатты Астана ЖШС» қадағалау кеңесінің төрағасы Лейла Ишбаеваның пікірінше, «егер мақсаттық трансферттер тарифтерге, мысалы, жекеменшік және мемлекеттік құрылымдар үшін ковидтік тарифке бөлінсе, барлық мәселелер болмас еді. Осы теріс практиканы жойып, өзгерту қажет» – деді ол.

«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша команда көшбасшысы, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының бүгінгі жайы туралы айта келе, мынандай сандарды алға тартты: отандық медициналық қызметкерлердің ширегі бүгінде – жекеменшік салада, ал 40 мың дәрігер мен  орташа қызметкерлер, елімізде штаты 100-ден бірнеше мың қызметкерге дейін баратын 1200 жекеменшік медорталықтар бар, олардың 800-ден астамы ТМККК/МӘМС жұмыс істейді, үш жыл ішінде олардың саны екі еселенген. Қазақстандағы жекеменшік денсаулық сақтау қазіргі таңда медициналық қызмет нарығының үштен бірін иеленеді, өткен жылдың қорытындысы бойынша жекеменшік сектордағы сатылым көлемі 1 млрд. доллардан асып түскен. Бұл сала жергілікті атқару органдары жыл сайын нысандарды күтуге және жабдықтауға бірнеше миллиардқа дейін қосымша қаражат бөлетін мемлекеттік медициналық мекемелер тарапынан ауыр бәсекелестік жағдайында дамуға мәжбүр. Денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық қатері туындайтыны әр уақытта әдісқой және бақылауға алатындай емес. Осы орайда көбінесе активтері мен аумағы бар мемлекеттік поликлиникалар оларды жекеменшік әріптестеріне қарағанда аз тиімділікпен пайдаланады. ЖАО қаражаттары мемлекеттік медициналық мекемелердің күрделі шығындарының 94%-ын құрайды, бұл бар жабдық пен аумақты тиімді қолдану бөлігінде де олардың менеджерлерінің ұсынылатын қызметтің сапасы мен көлемін арттыруға деген ынтасын төмендетеді. Мемлекеттік медициналық мекемелерде көбінесе нысанның табыстылығын арттыруға бағытталған корпоративтік менеджмент элементтері болмайды. Қосымша табысты әрқашан қызметкерлердің жалақысын арттыруға, сондай-ақ, жалпы нысанды дамытуға бөлуге болады.

Коронавирус пандемиясы қауырт жағдайда және сапалы сынақтан өткізіп жұмыс істеуге зертханалық қызметтің дайындық проблемасын ашып берді. Десек те, соңғы уақытта бұл істе жекеменшіктер тарапынан үдеріс орын алған болатын. Сонымен, «Олимп» КДЗ Бас директоры Ерлан Сүлейменовтың айтуынша, олар «Павлодар мен Петропавлды қоспағанда, бүкіл Қазақстан бойынша КВИ талдау жүргізуге арналған зертханалар ашқан. Нұр-Сұлтанда біз күніне КВИ 5000 талдау жүргізу үшін бірнеше кіретін және шығатын есіктері бар зертхана ұйымдары бойынша ұсыныстар тастадық».

Қазіргі кезде қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны Лейла Ишбаева қазіргі шындыққа қарай қайта жасауы тиіс болатын. «Бұл әлдеқашан өліп қалған. Біз ауық-ауық оны жамап-жасқап, бір жерін кесіп, тірілтуге тырысудамыз». Денсаулық сақтауды реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық база  айтарлықтай күрделі, ол 850 актіден тұрады және Ишбаеваның есептеуінше, ол 5-7 жылға технологиялық процестерден қалыс қалған және жетілдіруді талап етеді.

Іс-араның қатысушыларының сөздерін қорытындылай келе, отандық жекеменшік медицинаның дамуын тежейтін проблемалардың кең тізімін жасауға болады. Оған медициналық қызметтердің төмен тарифі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі, аймақтарда қажетті инфрақұрылымның жоқтығы, жергілікті атқарушы органдармен тиімсіз өзара әрекет ету, медициналық қызмет төлеміне қаржылық қаражаттың дұрыс емес бөлінбеуі, фармөндірістің елімізде жоқтығы, денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру кезінде белгілі әкімшілік кедергілерді жатқызуға болады.

Бейнеконференцияның қорытындысы осы проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылды.  Іс-шаралар ретінде келесілер ұсынылды: 

  • Коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеу бойынша халыққа медициналық қызмет көрсету үшін ғимараттар ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекетті дұрыстау,
  • Коронавирустық инфекцияны емдеу мен диагностикалау бойынша медициналық қызмет көрсету келісімшартты жеделдетіп жасау бөлігінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жұмыс кезінде әкімгілік кедергілерді төмендету,
  •  Дәрілік құралдар, медициналық жабдықтар мен ММБ сатып алу бөлігіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету,
  • Көрсетілген қызметке тарифтерді қайта қарастыру,
  • Негізгі қаражаттардың өтемпұлына шығындарды қосу,
  • Саланы әрі қарай дамыту үшін МЖӘ механизмін тиімді пайдалану. 

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының Бас директоры Қанат Төсекбаев «бұл барлық ұсыныстар нақтыланып талқыланып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілетін болады» деді.

Қазақстандағы репродуктивті медицина мен гематология өкілдері денсаулық сақтау бағыттарының әрқайсысы бойынша клиникалық қауымдастық немесе Ұлттық Кеңестің жоқтығын және медицинада сараптама бойынша барлық жалпы күдіктерін айтты. Медициналық қызметкерлердің пікірі бойныша, мемлекеттік мекемелердің қызығушылығын ұсынатын шешімдер жекеменшік денсаулық сақтау өкілдері және тәуелсіз сарапшылардың конструктивті талқылауынсыз жиі қабылданатын көрінеді.

Кездесудің модераторы:
Л. Ишбаева «Салауатты Астана ЖШС» қадағалау кеңесінің төрағасы.

Қатысушылар: 
- И. Пивоварова «Гематология орталығы» ЖШС басшысы
- Р. Дүйсенов Алматы клиникалар Ассоциациясының атқарушы директоры 
- Л. Даирбаева  Неврология Орталығының  Директоры
- Локшин В.   Persona клиникалық репродуктология  орталығының  басшысы
- Н. Бектұрғанова Бірыңғай қазақстандық стоматологтар ассоциациясының төрағасы
- Н. Исаева     IMB компаниясының  басшысы
- Р. Мамырова Зертханалық медицина мен сараптама ассоциациясының президенті
Р.  Ошакбаев «Талап»  қолданбалы зерттеу орталығының директоры 
Н. Узалина «Атамекен» ҰКП МЖӘ департаментінің директоры
- Е.С. Абдразаков Centras Group бас директоры
- М. Каирленов,  «Ұлағатты медицина» журналының бас редакторы. 

Денсаулық сақтау саласының командасына кездесулер ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреміз және денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ және жекеменшік практиканы дамыту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу міндетіндегі жұмыста табыстар тілейміз. 

Команда:
- Қ. Төсекбаев, команда көшбасшысы, «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ЖШҚ РМК бас директоры
- Т. Тұрсынбаев «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Вице-президенті  
- С. Айдосов «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары
- Е. Сүлейменов  «Olymp Medical Group» ЖШС Бас директоры
- А. Толым Жобалық менеджер, BI Group
- Э. Забирова Денсаулық сақтау саласының экономисі, жобалық менеджер
- А. Болатов    «Kazakhstan Project Preparation Fund» Басқарушы директор

 

Түсініктеме қалдыру