news-img

Елбасы Академиясының алаңында өткен «Қазақстандық ғылымды дамытудың жаңа үлгісі» онлайн-пікірсайыс ұйымдастырушылары дәл осы тәсілдемені ұсынып отыр.

Қазақстандық жас ғалымдардың пікірінше елдегі ғылым мәселесін «ашық ғылым» және «ашық инновациялар» қағидаларына негізделген америкалық әріптестердің тәсілдемесін қолдану арқылы шешуге болады. Жаңа модельге көшу ашық ғылым тәсілдемесін қолдау арқылы инновацияның қарқынды дамуына қол жеткізген көптеген елде жүзеге асырылды. Ғылымның ашық ресурстары экономикалық ынталандыру шараларымен бірге дамушы компаниялар үшін басты құндылыққа айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Үкіметтің бірлесіп жүзеге асырған «Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау» бағдарламасы қатысушыларының ұсыныстарын талқылауға министрліктер мен мекемелер, аймақтық әкімшіліктер және «Атамекен» ҰКП басшылары қатысты.

Пікірсайыста  Президент көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерін даярлау бағдарламасының басқарушы комитетінің мүшелері сөз сөйледі.
 



Жас ғалымдар командасының атынан пікірсайысқа Еуразиялық технологиялық университетінің Адам құқықтары, инклюзия және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры Халида Әжіғұлова қатысты.  Ол ғылымның жаңа үлгісінің үш негізгі компонентін атап айтты. Олар: салықтық жеңілдіктер жасау арқылы ғылымға деген сұранысты экономикалық тұрғыдан ынталандыру, университеттік ғылымға қолдау көрсету және ҚР Президенті жанындағы гранттық қаржыландыру қорының болуы. Команда жетекшісінің ұсыныстарын бір апта бұрын ұйымдастырылған форумда 11 елдің ғалымы қолдаған болатын. Х.Әжіғұлова халықаралық тәжірибеге шолу жасап, Ұлыбритания, Гонконг, Канада, Литва, Сингапур, АҚШ, Түркия, Финляндия, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония сынды елдерде ғылымды басқару жүйесі жоғарыда айтылған үш негізгі компоненттерден құралатынын атап айтты.    

Біріншіден, бұл елдерде жеке сектор тарапынан ғылыми-зерттеу және конструкторлы- тәжірибелік жұмыстарды (ҒЗКТЖ) қаржыландыруда  салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер жеке кәсіпкерлердің ғылыми орталықтармен және университеттермен көбірек араласуға және ынтымақтасуына жол ашады. Мысалы Қытай елі, 2000 жылдардан бастап жоғары технологиялық компанияларға салықтық жеңілдіктерден бөлек кеңсе құрылысына, байланыс орнатуға және қызметкерлерді оқытуға қажетті гранттар бөле бастаған.  Ғалымдар мен кәсіпкерлердің ынтымақтастығының айқын көрінісі - Ұлыбританиядағы Лафборо университеті. Оның технобағы 500 халықаралық және ұлттық компаниялардан құралады. Олардың арасында – әйгілі «Ягуар», «Форд», «Роллс-Ройс» және «Адидас», «Найк» спорт компаниялары бар. Яғни, ғылыми зерттеулер жасайтын арнайы бөлім ашудың орнына, олар жергілікті жоғары оқу орындарының негізінде құрылады, сосын ғалымдармен бірге жоғары технологиялық өнімдер шығарып, инновацияларға көңіл бөледі, - деді Халида Әжіғұлова.

Жас ғалымдар тобына сарапшылар, Phd, Сиракуз университетінің (АҚШ) зерттеушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Бауыржан Боқаев және заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК ғылыми хатшысы Ербол Дүйсенов кірді. Сарапшылар Үкімет жанындағы табысты қызмет көрсететін ғылыми қорларды мысалға келтірді:  сингапурлық «Симатек» қоры, финляндиялық «Ситра» қоры. «Ситра» қорының арқасында кезінде «Nokia» сынды әлемге әйгілі бренд дүниеге келген болатын. Сонымен қатар, сарапшылар қорлардың қаражаты іргелі зерттеулерді қаржыландыруға жұмсалатынын алға тартып, Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға қойылған міндеттемелер қаржылық негіз ретінде қолданылуы мүмкін екенін ескертті.

Ғылымды басқару жүйесіне келетін болсақ, сарапшылар ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне назар аударуға кеңес береді.  Онда ғылымға бағытталған барлық қаржыландырудың 60%-ы жеке кәсіпкерлерден тартылады. дің мойынында, ал Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінде бұл көрсеткіш 70% құрайды.  

- Бұл елдерде докторант оқу барысында кәсіпкерлікке, жеке зерттеулері нәтижесінде стартап бастауды үйрететін арнайы дәріс алады. Мұндай дағдыларға жаратылыстану, инженерлік, техникалық ғылым салаларынан бөлек, гуманитарлық және әлеуметтік ғылым салаларының ғалымдары ие бола алады, - деді Әжіғұлова.

Ғалымдарды кәсіпкерге айналдыру мәселеcін көтеретін уақыт келді.

Бүгінде республикамыздың 300 ғылыми мекемесінің 100-ден астам ұйым тікелей министрлікке бағынады, ал қалған 200-ден астам ғылыми зерттеу институттары басқа ведомстволарға қарайды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының  Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы, Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Талғат Доскенов отандық ғылым әлемдік ғылымнан шамамен 30 жылға артта қалып отыр деген пікір айтты. Ол министрлікте қалу шартымен ғылым комитетінің мәртебесін өзгертуді ұсынды. Ол сондай-ақ Президент жанындағы Ғалымдар кеңесінің аясында ведомствонын үстінен қарайтын ғылым комитетін құруды да жөн санайтынын айтты.  

Біз үшін бизнеске көшу кезіндегі ғалымның рөлін өзгерту маңызды. Мұны гибридттық сәйкестілік деуге болады. Бізде «ғылыми кәсіпкерлік» деген анықтама жоқ, мүмкін заңда болуы керек шығар. Креативті кәсіпкерлікке ерекше назар аудару керек. Ал креативті экономика тәжірибесі әлемде бар. Тағы бір маңызды мәселе – ғылымды корпорациялар аясында дамыту, осыған көңіл бөлу керек, - деді Доскенов.

Әлемде "ой фабрикалары" кең таралған – бұл мемлекет саясатына әсер ететін жоғары ұйымдастырылған сарапшылар қауымдастығы. Бүгінде ғалымдар оған әсер ете алмайды. Талғат Доскеновтың пікірінше, мұндай фабрика ролін ҚР Президенті жанындағы Ғылыми Кеңес атқаруы мүмкін.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Әмрин қатысушыларды республикадағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің салық саясатымен және қолданыстағы салықтың артықшылықтарымен таныстырды.

Ол Қазақстандағы ғылыми қызметтің әлеуметтік салаға жататынын және корпоративтік табыс салығынан босатылғанын еске салды. Бұдан басқа, салық төлеушілердің осы санаты үшін жер салығының ставкасы нөлге теңелген, ал мүлік салығы 0,1% төмендетілген ставка бойынша есептеледі, бірақ қолданыстағы базалық мөлшерлеме бір жарым пайызды құрайды. Мемлекеттік тапсырыс және мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ҚҚС-дан босату, АЭА үшін жеңілдіктер және басқа да бірқатар ынталандыру шаралары бар. Бұл саланы қаржыландыру үшін ынталандырулар да қарастырылған, мысалы, егер кәсіпорын ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметті дамытуға көмек көрсеткен жағдайда, мұндай шығыстар салық салынатын табысты да азайтады, ал алынған көмек салық салу мақсатында жеке тұлға үшін табыс болып саналмайды.

Бұл салық кодексіне қатысты. Бүгін  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс» туралы көп айтылды және онда жер қойнауын пайдаланушының ҒЗКТЖ-ны өндіруге жұмсалатын шығынның 1% мөлшерінде аудару жөніндегі міндеттемесі көзделген. Аталған сома КТС ішіне толықтай кіреді. Өздеріңіз білетіндей, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жолдауында бұл ақшаны бюджетке көшіру туралы айтылған. Бүгінде бұл мәселе боынша жұмыстар басталып кетті. Бізге Бюджет кодексіне, Салық кодексіне өзгерістер енгізу қажет, мысалы 255-бапта егер бұл ақша ғылым саласындағы ұйымдарға және инновациялық технологиялар паркінің инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға жұмсалатын болса, шегерілім қарастырылған. «Біз енді бұл қаражаттың бюджетке жұмсалатынын және бюджеттік рәсімдер арқылы мұның бәрі ашық болатынын айта аламыз», - деді А.Әмрин.

Оның айтуынша, өткен жылы бұл қорларға жер қойнауын пайдаланушылардан шамамен 23,5 млрд.теңге түскен, атап айтқанда  мұнай өндіру саласынан 14,6 млрд.теңге және тау-кен өнеркәсібінен 8,9 млрд. теңге пайда түскен. Алдағы уақытта да бюджетке дәл осындай аударымдар күтілуде. Жұмыстың бұл бөлігінде салалық мемлекеттік органдармен кеңестер жүргізіліп, тиісті түзетулер енгізіледі- деп толықтырды ол. А. Әмрин ғылымды қолдауға инвестициялық салықтық несие секілді пәрменді құрал ретінде  жеке тоқталды. Оның мәні - КТС және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерін 3 жылға кейінге қалдыру болып табылады. Яғни, кәсіпорындарға аяққа тұрып, дамуға мүмкіндік беру үшін, жаңа инвесторларды тарту мен жаңа өндірістерді іске қосу тағы бір мүмкіндік болып саналады.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев отандық инновациялар әзірге экономикалық өсу факторы болып табылмайтынын айтты. Сонымен қатар, ол ҒЗКТЖ-ны коммерцияландыру үшін резервтер бар деп есептейді.

- Әзірге салық түрінде қомақты қаражаттың жұмсалуына қарамастан, қайтарым өте төмен. Сондықтан отандық ҒЗКТЖ-ны кеңінен коммерцияландыру қажет. Серпінді ғылыми, инновациялық жобаларға, сондай-ақ технологияларды коммерцияландыруға бағытталған қолдау шаралары салық базасын кеңейту түрінде фискалдық орган ретінде бізге әсер етуде. Бірақ, әзірге бюджеттік шығындар мен салықтық жеңілдіктер  әлі бола қойған жоқ, – деп атап өтті М.Сұлтанғазиев.

Салықтық ынталандыру шаралары ЭЫДҰ елдерінде, Қытайда, Бразилияда және Үндістанда қолданылады. Алайда, онда инновациялық өнімнің үлесі 15-тен 35% - ға дейін өзгереді, ал бізде ол бар болғаны 3-5% - ға тең. Инновацияларға жұмсалатын шығындардың тиімділігін арттыру қажеттілігі пісіп-жетілді және әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дәл осы бизнес инновацияларды қаржыландыру мен енгізуде шешуші рөл атқаруы тиіс - деп есептейді М.Сұлтанғазиев. Ол онлайн-пікірталасқа қатысушыларды егер қосымша жеңілдіктер мен босаңсулар қажет болса, оның ведомствосы барлық ұсыныстарды қарауға дайын екендігіне сендірді.

Сұраныс ғылымды ілгерлетеді

Кездесуді қорытындылай келе, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының директоры Фархад Қуанғанов салықтық артықшылықтарды бизнес жағына бағыттау қажет екенін айтты. Оның пікірінше, салықтық ынталандырудың жетіспеушілігі және салықтық әкімшілендірудің пәрменді тетігінің болмауы бизнесті тартуға кедергі келтіреді. Өздеріңіз білетіндей, даму сұраныс бар жерде басталады.

«Институционалдық реформаларды және 100 нақты қадам – Ұлт жоспарына жүргізу үшін өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау» бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасымен жүзеге асты. Осы жоба аясында 200 салалық сарапшы оны трансформациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында экономиканың 11 саласындағы міндеттерді шешу бойынша жұмыс істеуде.

Түсініктеме қалдыру