«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «KazRoboProject» байқауының жас өнертапқыштары процестерді автоматтандыру, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жеңілдету, бос уақытты ұйымдастыруға арналған  креативті идеяларын ұсынды.

Жыл бойы жобаның 10 жастан 21 жасқа дейінгі қатысушылары арасынан үздіктерді іріктеу жүргізілді. Байқау “КазРоботикс» федерациясының даму бағдарламасының бір бөлігі және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-техникалық бағыттағы қолданбалы зерттеулерге қызығушылығын арттыруға бағытталған.

- Жастар жобасын нақты жағдайларда мүмкін болатын практикалық қолдануға мақсатты түрде дайындау шаралары жас өнертапқыштарды рационализаторлық қызметтің негіздерін түсінуге жетелейді, олардың әрі қарай кәсіби өсуіне негіз қалайды, - дейді «КазРоботикс» федерациясының президенті Жекеева Айжан.

Балалар жасаған жобалар – бұл белгілі бір мәселені шешу үшін айтарлықтай пайда әкелетін техникалық құрылғыны (роботты құрылғы, микропроцессорлық жүйе) құруға бағытталған қолданбалы жұмыстар.

Байқау екі жас тобында өтті: 10-15 жас және 16-21 жас, сондай-ақ әр жас тобында екі номинация бойынша: «Концепт» және «Прототип» жеңімпаздар анықталды.

Байқауға еліміздің әр түкпірінен барлығы 62 жоба ұсынылды. Жұмыстарды Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері, өндіріс инженерлері, өткен жылдардың жүлдегерлері және т. б. бағалады.

Байқау жеңімпаздары:

- 10-15 жас аралығындағы топта «Концепт» номинациясы бойынша – «Twinkle» (Көкшетау қ.) командасының мүшелері  Дәуренбек Сәкен және Болат Айдамир. Балалар заманауи «IT-ойын-сауық паркі» тұжырымдамасын әзірледі.
Екінші жеңімпаз – құрамында Андрей Дорохин мен Айпара Сыздықова бар «Grad» командасы (Павлодар қ.). Олар «Firebot»  деп аталатын адамның қатысуынсыз өрт сөндіру машинасын жасау жобасын ұсынды;

- 16-21 жас аралығындағы топта «Концепт» номинациясы бойынша Фараби  Самаликов пен Мұхтар Оразбай (Атырау қ., «FM Team» командасы). Олар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың аяқ-қолдарын оңалтуға арналған белсенді-пассивті тренажерды ойлап тапты;

– 10-15 жас аралығындағы топта «Прототип» номинациясында Әділет  Шалқарұлы және Дария Сексенбаева (Талдықорған қ., «Future-IT”). Байқауға қатысушылар «ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған білезік» жасады. Білезік адамдарға қажетті автобус бағытын, автобус желісін табуға, қандай да бір кедергінің қаншалықты жақын екенін анықтауға көмектесетін эхолокатор ретінде әзірленген;

- 16-21 жас аралығындағы топта «Прототип» номинациясы бойыншаДаниил Белов пен Анастасия Воронкова («Роботрек-Ақтау»). Олар «Брайль шрифтін өз бетінше оқып үйрену» жобасының авторлары. Құрылғы нашар көретін және зағип адамдарға жазуды және оқуды үйренуге көмектеседі. Құрылғы батырмасын басу арқылы адам әріп дыбысын естіп қана қоймай, саусақтың көмегімен оның қалай белгіленетінін сезінуге болады.

Байқау жеңімпазы атанған бұл жобалардан бөлек, финалға шыққан жобалар да  өнертапқыштығымен ерекшеленді. Мысалы Матвей Рыбалкин мен Даниил Едгуловтың (Алматы қ.) «City helper» құрылғысы. Ол көзі нашар көретін адамдарға қажетті аялдаманы табуға, автобус таңдауға көмектесетін коммутатор сағат.

Тағы бір қызықты жоба – финалист Арлан Мұхамеджанов пен Владислав Просековтың (Петропавл қ.) «Аэропоника» жобасы. Олар өсімдіктерді суды үнемді пайдалану арқылы суғаруға, робототехника арқылы егін жинауға және барлық процестерді қашықтан бақылауға  мүмкіндік беретін жүйені ойлап тапты.

 

Түсініктеме қалдыру