news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 10.11.20-Қазақстанда 2020 жылдың 7-26 қараша аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған дәстүрлі «ЖасSTAR» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі өтуде. Фестиваль бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды: кино және драматургия, поэзия, музыкалық театр, фотография өнері, креативті индустрия және заманауи өнер.

Фестиваль қатысушылары үш апта ішінде заманауи өнер мен мәдениет саласындағы мамандардың білім беру іс-шаралар цикліне қатысады.

Жыл сайын «ЖасSTAR» фестивалі аясында Қазақстанның шығармашыл жастары үшін байқаулар, шеберлік сыныптары, ашық дәрістер, шығармашылық кештер, воркшоптар, концерттер мен конференциялар өткізіледі. 2009 жылдан іс-шараға Ресей, Франция, Түркия, Әзірбайжан, Якутия, Моңғолия, Қырғызстан және басқа елдерден спикерлер келді. Олардың арасында сценарист және кинорежиссер Егор Кончаловский, музыкант және продюсер Байғали Серкебаев, Париж операсы ұлттық оркестрінің дирижері Филипп Юи, Олимпиада чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин, танымал суретші-стилист М. Ламинин, «Виртуозы Москвы» оркестрінің солисі, бірінші скрипка Алексей Лундин және тағы басқалар бар. Қонақтардың барлығы талантты жастармен білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, ал олар өз кезегінде атақты шеберлермен шығармашылық қарым-қатынас процесінде үлкен тәжірибеге ие болды.

Биыл жоба ұйымдастырушылары Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі миссиясын жүзеге асыруды жалғастыруда. Пандемия кезеңінде жас мамандарға мәдениет пен өнер саласындағы қамқорлық — Қор қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Осылайша, «ЖасSTAR» фестивалі онлайн форматта белсенді жұмысын жалғастыруда.

2020 жыл тосын сыйларға толы, бірақ барлық сын-қатерлер мен қиындықтарға қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры дәстүрлі жобаларын жүргізуді жалғастыруда. Осындай жарқын бастамалардың бірі – «ЖасSTAR» шығармашыл жастар фестивалі. ЖасSTAR - бұл жаңа жұлдыз! Бұл таланттар жалындайтын орын, жас, өршіл, креативті, серпінді қазақстандықтардың жаңа есімдері ашылатын алаң. Жоба олардың әрқайсысына өзін танытуға, тәлімгерлердің жан-жақты қолдауына ие болуға және өнер мен шығармашылық әлемінде жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік береді, — деді фестивальдің ашылуында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

«ЖасSTAR-2020» фестивалі «Әлеуметтік алшақтыққа қарамастан, жаңа ұрпақ шығармашылығын тоқтатпайды!» ұранымен жалғасуда. Вебинарлар, онлайн-пікірталастар, artist talks-тан бөлек, жоба қатысушыларына пандемия жағдайында жастардың шығармашылығы дамыту тақырыбына байқау жарияланды. Оған 16-40 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады (конкурс аяқталатын 1 желтоқсан 2020 жылға дейін).

Айта кетейік, фестиваль өткен демалыс күндері өткен «Қазақстан кинонарығы: жақсыны көрмекке» онлайн-пікірталастан басталды. Шығармашылық диалогқа әлемдегі ең табысты және танымал қазақстандық режиссер, сценарист Әділхан Ержанов, сондай-ақ оның «Short Brothers» командасының мүшелері, кино саласындағы тәжірибелі мамандар – продюсер Серік Әбішев, екінші режиссер Мария Иситова және дыбыс режиссер Илья Гариев қатысты.

-  Пікірталас Қазақстанның жас кинематографистері үшін өте қызықты әрі танымды өтті. Атап айтқанда, Әділхан Ержанов және оның «Short Brothers» кинопрофессионалдар командасы фестиваль қатысушыларымен өздерінің киноөндірістегі тәжірибесімен және шектеулі бюджет жағдайында киноны қалай түсіру керектігі, кинонарықтың жаңа жағдайында бұл неліктен өзекті және маңызды екені туралы практикалық кеңестерімен бөлісті, —  деп атап өтті кездесу модераторы, режиссер Эльмира Карманова.

 «Қазақстан кинонарығы: жақсыны көрмекке» тікелей эфир тыңдаушылары jasstar.kz фестивальінің барлық іс-шаралары өтетін алаңдағы шығармашылық кездесу мен тікелей диалогтың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Маған эфир ұнады. Біріншіден, Әділхан сұхбатты сирек береді, оның қазақ киносы туралы қазіргі және өткен шақтары туралы пікірі көңіл қуантады. Екіншіден, жүргізушінің сұрақтары ұнады: оның сұрақтары нақты, эфирге жан-жақты дайындалғаны немесе оның киноиндустрия саласындағы білікті маман екендігі көрініп тұр. Қатысушылар да қуантты: шығармашылық жолға жаңа қадам басқандар үшін құнды тәжірибелік кеңестер айтылды. Мамандардың практикалық тәжірибелерін жастар үшін ортаға салғаны өте маңызды – әдетте зеріктіріп жіберетін теориялық дәрістерге қарағанда бұл формат әлде қайды пайдалы, — деді Білім беру бағдарламаларының фасилитаторы Айнұр Қалиева.

Пікірталас туралы жас ақын Дастан Аққожа да өз пікірімен бөлісті.

-  Әділханның жауаптарынан зияткерлік ләззат алдым. Ол шын мәнінде Қазақстанның ең үздік режиссері! Және эфирдің қазақ тіліне аударылғаны тамаша болды. Жастар үшін осындай танымдық кездесулерді көбірек өткізу керек.

Қатысушылар алдағы уақытта қызықты онлайн-талқылаулар, вебинарлар мен воркшоптарға қатысады. Jasstar.kz сайтында aестивальдің толық бағдарламасымен танысып, жобаға мен байқау бағдарламасына қатысу үшін тіркелуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «ЖасSTAR» фестиваліне қатысу барлық шығармашыл жастар үшін қолжетімді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі

БАҚ үшін:
PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail:
pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Қатысу мәселелері бойынша:
info@jasstar.kz  

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру