«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні қарсаңында 2020 жылғы 8 желтоқсанда онлайн-форматта алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев Қорының және басқа да бірқатар серіктестердің қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Парасаттылық жолында: ашықтықты, есеп берушілікті және қоғамдық қатысуды арттыру жолында»” атты VI дәстүрлі конференция өтті.

Конференцияны ашқан Алик Шпекбаев Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты озық халықаралық стандарттар негізінде жетілдіруді жалғастырып келе жатқанын атап өтті. «Кешенді тәсілдің маңыздылығын сезіне отырып, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жүргізіп, саяси жаңғыруды басты орынға қоямыз», - деп атап өтті Антикор төрағасы.

Жиында сондай-ақ, Моңғолия мен Өзбекстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының бірінші басшылары Д.Зандраа мен А. Бұрханов, ҚХР мемлекеттік қадағалау комиссиясы басшысының орынбасары Лю Си сөз сөйледі, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрестің, әсіресе пандемия кезеңінде, бүкіл әлемде мемлекеттік институттарға деген сенім төмендеген кезде оның стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Конференция модераторы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов жиналғандарға «Қазақстан Елбасының бастамасы бойынша 1998 жылы посткеңестік мемлекеттер арасында бірінші болып осы әлеуметтік зұлымдықты жоюдың жүйелі тәсілін көздейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылдағанын» еске салды.

- Конференцияның міндеті – отандық және халықаралық тәжірибені зерттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың жаңа шаралары мен тәсілдерін әзірлеу, - деді профессор.

БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық Кеңсесінің Басшысы Н.Риаз және БҰҰДБ Тұрақты өкілі Я. Бериш Қазақстанның БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының негізгі ережелерін имплементациялау бойынша орасан зор қадамдар жасап жатқанын атап өтті.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың тиімділігін бағалау әдістерін, ашықтықты қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау тетіктерін, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауаптылыққа тарту практикасын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың цифрлық құралдарын талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша шетелдік серіктестермен және ҮЕҰ-мен одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді және елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі дамытудың ықтимал бағыттары айқындалды.

Түсініктеме қалдыру