news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 19.01.21-Бүгінгі материалдың кейіпкері үш тілде мақалалар жазады, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады, ғылыммен және шығармашылықпен айналысады. Танысып қойыңыздар, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты, М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университетінің 3-курс студенті Толқын Өмірзақова.

Толқын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алуда. Бұл оның тіл үйренуге деген құштарлығын оятты. Қазір ол ағылшын және қытай тілдерін меңгеруде. Қазақтың талантты қызы мектепті «Алтын белгімен» бітірген, әдебиет және тілдер бойынша көптеген пәндік олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегері.

Толқынның кредосы: «Ешқашан шаршама, берілме! Өмірдегі кез келген жағдайдан сабақ алып, тек алға ұмтыл. Өз ісіңді тапқанша ізденісте бол. Бұл сенім оған жаңа шыңдарды бағындыруға және мүмкіндіктер мен мүдделер өрісін кеңейтуге көмектеседі. Сондықтан студент гуманитарлық ғылымдармен қатар нақты ғылымдарды – математика мен химияны да зерттеуді қолға алған.

Толқын Өмірзақова терең білімінің арқасында Еуропалық Одақтың Erasmus+ стипендиясын иеленіп, шетелде оқуға мүмкіндік алды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атаулы стипендиясы - бұл жоғары білім мен ой-өрістің кеңдігінің тағы бір дәлелі. Мұны Толқын мектепте жүргенде білген, сондықтан оған қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қойды.

- Мен үшін стипендия, бірінші кезекте, өте үлкен жауапкершілік. Қор стипендиаты мәртебесі үстем. Енді менің айналамдағы адамдар маған қарап, әдеттегі Толқынды ғана емес, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиатын да көретін болады. Бұл ілгері жылжу және одан да үлкен биіктерді бағындыру үшін үлкен мотивация, — деп санайды Толқын Өмірзақова.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру