news-img

2021 жылғы 20 қаңтарда «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, қола деңгейіндегі бағдарламаны аяқтаған тағы 2 535 адамды марапатқа ұсынды.

2020 жылғы қола Елбасы медалі иегерлерінің екінші легінің тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Айта кетейік, медальдарды табыстау мерзімі оларды дайындауға және өңірлерге жеткізуге байланысты болады. Бұл туралы қосымша хабарланады.

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.

2020 жылы «Елбасы медалі» жобасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
отличный проект. ждем медалей