«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Қарасай ауданының білім беру қорының басты міндеттерінің бірі - дарынды жастарды қолдау, дарынды оқушыларды қолдау. Осыған байланысты 10 жылдан астам уақыт бойы қор түрлі іс-шараларды, соның ішінде мектеп бағдарламасының 11 пәні бойынша олимпиадаларды ұйымдастырып, өткізіп келеді. Оның ішінде осы жылы қазақ және ағылшын тілдерінде олимпиадалар өткізіледі.

2021 жылдың 26 қаңтарыңда  Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы «Қарасай ауданының білім беру қоры» корпоративтік қоры Сулейман Демирель университетімен бірлесе отырып Қарасай ауданының орта мектептердің 11 сынып оқушылары арасында орыс тілінен олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада онлайн форматта proctoring.sdu.edu.kz сайтының Moodle платформасында өтті.

Олимпиада комиссиясының төрағасы: Қарасай ауданының білім беру қорының атқарушы директоры - Исраилов Еркін Дәулетұлы.

Комиссия мүшелері:  Филология ғылымдарының кандидаты, Сулейман Демирель Университетінің профессоры – Мирзоева Лейла Юрьевна; «Қарасай ауданының білім беру қоры» корпоративтік қорының бас маманы – Қыстаубаев Марат Асқарбекұлы; қашықтықтан оқыту орталығының директоры – Жұмагелді Алмаз Талғатұлы;   Сулейман Демирель атындағы университеті «Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдары»  факультетінің өкілі,  координатор - Ергалиева Аида Бауыржанқызы;  қашықтықтан оқыту орталығының техникалық маманы - Төрехан Лаура Маратқызы.

Олимпиадаға қатысу үшін 20 мектептен 95 өтініш берілді. Қатысушылардың барлық жұмыстарын комиссия  мүшелері толық көлемде тексерді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегерлер анықталды:

1 орын: Айсарова Дана, Алмалыбақ орта мектеп - гимназиясы

2 орын: Кравчук Виктория, Сәтбаев атындағы орта мектебі

3 орын: Браславская Вероника, Алтынсарин атындағы орта мектебі

Түсініктеме қалдыру