«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан айтады: «Қазақстан бүкіл әлемде жоғары білімді ел ретінде қабылдануы керек, оның халқы үш тілді қолданады және қолдануы керек. Бұл - қазақ тілі - біздің халқымыздың мемлекеттік тілі, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі - біздің еліміздің әлемдік даму экономикасында ойдағыдай интеграциялану тілі».

             Осы тапсырманы жүзеге асыруға үлес қоса отырып, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры жыл сайын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пәндік олимпиадаларын өткізеді.

             Сонымен, 2021 жылы 27 қаңтарда білім беру қоры Сулейман Демирел университетімен бірлесе отырып Қарасай ауданының орта мектептердің 11 сынып оқушылары арасында орыс тілінен олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада онлайн форматта proctoring.sdu.edu.kz сайтының Moodle платформасында өтті.

Олимпиада комиссиясының төрағасы: Қарасай ауданының білім беру қорының атқарушы директоры - Исраилов Еркін Дәулетұлы.

Комиссия мүшелері:  Сулейман Демирель атындағы университетінің "Аударма iсi" және "Шетел филологиясы" бағдарламаларының координаторы, магистр, аға - оқытушы – Айсулу Ғатиа,  «Қарасай ауданының білім беру қоры» корпоративтік қорының бас маманы – Қыстаубаев Марат Асқарбекұлы; қашықтықтан оқыту орталығының директоры – Жұмагелді Алмаз Талғатұлы; Сулейман Демирель атындағы университеті «Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдары»  факультетінің өкілі,  координатор - Ергалиева Аида Бауыржанқызы;  қашықтықтан оқыту орталығының техникалық маманы - Төрехан Лаура Маратқызы.

Олимпиадаға қатысу үшін 22 мектептен 137 өтініш берілді. Қатысушылардың барлық жұмыстарын комиссия  мүшелері толық көлемде тексерді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегерлер анықталды:

1 орын: Бакишева Нария, Үшқоңыр орта мектеп – гимназиясы

2 орын: Раимбек Аделя, Алмалыбақ орта мектеп – гимназиясы

3 орын: Татарова Элина, Белинский атындағы орта мектебі

Түсініктеме қалдыру