news-img

Өткізілетін уақыты: 2019 жылғы 20 қараша, сағат 10.00-18.00.

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғ., 8, Министрліктер Үйі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты бірлесіп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы «Еуразия тарихының мұрасы: көне заманнан қазіргі кезенге дейінгі тарихи сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізді.

Конференция Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыруға арналған.

Іс-шараның масаты - «Архив-2025» жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларында, сөйлеген сөздерінде көрсетілген отандық тарихтың негізгі оқиғаларын зерделеуді жандандыру, отандық тарихи мұра әлеуетін халықаралық деңгейге шығару.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов өз сөзінде конференцияның маныздылығы туралы атап өтті: «Халықаралық конференция отандық және шетелдік сарапшылармен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуіне себептеседі. Сонымен бірге конференция Еуразиялық континентінің этностар арасында рухани құндылықтарды сақтауына, тарихшылар мен ғалымдар арасында өзара әрекеттесуіне мүмкіндік туғызады».

Конференция барысында «Архив-2025» жобасының аясында ізденіс-зерттеу жұмыстарының перспективалық бағыттары мен қазіргі заманғы міндеттері, «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» тақырыбында өмірбаяндық энциклопедияны жарыққа шығару, түркі және славян әлемдерінің өзара байланысы, оның ішінде әсіресе Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының қалыптасуы мен даму тарихы және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

 

Байланыс тел.: + 7 (7172) 74-01-68, 74-12-85, 74-12-52.

Е-mail: maxmudkizi@mail.ru, kaliev zhabai@mail.ru

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру