«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 12.02.21 - Президенттік шәкіртақы иегері, Ш.Есенов атындағы қор шәкіртақысының иегері,ТМД-ның үздік стипендиаты, бүгінгі «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты». Беделді марапаттарға Қарағанды техникалық университетінің 4-курс студенті Александра Кривогузова бойындағы дарынының, жеңіске деген ұмтылысының және оқудағы үлкен еңбегінің арқасында қол жеткізді.

Александра 25-тен астам ғылыми мақалалар үш тілде жазып, жариялады, студенттердің ғылыми қызметіне белсенді қатысқаны үшін 26 дипломға ие, сонымен қатар волонтерлік қызметпен де айналысады.

- Өзім үшін жаңа бір нәрсені үйрену, зерттелмеген көкжиектерді ашу мен үшін өте қызықты. Ғылыми қызмет – бұл ойлау мен өзін-өзі жетілдірудің үлкен саласы. Мен бір орында қалуды қаламаймын. Жаңа мақсаттарға қол жеткізіп, мен одан әрі әрекет ету үшін үлкен қуатқа ие боламын. Мамандығымның арқасында менде әр дағдыны кірпіш қалағандай құрастыру қасиеті пайда болады. Өзім өте шығармашыл адам болғандықтан, мен бұл дағдыны тігін саласына арнауды ұйғардым. Жарты жылда бір рет дизайнер-конструктор біліктілігін арттырамын және өз киім брендімді дамыту үшін жеткілікті білім мен тәжірибеге ие болу үшін түрлі курстар мен марафондардан өтемін. Сондай-ақ, мен интерьерді 3D модельдеу және ғимараттарды жобалау бағдарламаларына қызығушылық танытамын. Бұл менің жақында ғана игерген хоббиімнің бірі, - дейді «Аспап жасау» мамандығының студенті Александра Кривогузова.

Александра үшін стипендия алу жаңа дүинелердің құпиясын ашып, өзін одан әрі ынталандыруға берілген үлкен мүмкіндік.

- Бұл тек ақшалай көмек қана емес, бұл алдыңызда ашылған жаңа мүмкіндіктер. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты болу – үлкен абыроймен қатар, жауапкершілікті жүктейді, алдағы уақытта лайық екенімді өз іс-әрекетіммен дәлелдеуім  керек, - деп ойымен бөлісті Александра.

Өз құрбыларына сәлемдеме жолдаған ол, кез-келген мақсат пен ойды  жүзеге асыруға болатындығын айтады.

- Мақсатқа ұмтылуды бастау оңай емес. Бірақ сіз бастаған сәттен, бәрі сіз ойлағандай орындала бастайды. Ең бастысы – мақсатыңыздан бас тартпаңыз және әрқашан тек алға ұмтылыңыз! – отандасымыз жас қазақстандықтарды осылай жігерлендірді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
 Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру