«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Ауыл мектептері оқушылары арасында өтетін «Мың бала» ұлттық Олимпиадасына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Тіркеу 24 ақпанда басталып, 24 наурызға дейін жалғасады. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде және Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде бiлiмiн жалғастыруға мүмкіндік алады.

Олимпиадаға Қазақстанның ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.

«Түрлі олимпиадаларды өткізу тәжірибесі ауыл балаларының аз қатысатынын көрсетеді. Статистика бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларға ауылдық мектеп оқушыларының 13-14%-ы қатысады, бұл олардың дайындық деңгейіне және олимпиада өткізілетін орындардан алшақтығына байланысты. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ауыл оқушыларын ғана қамтитын «Мың бала» ұлттық олимпиадасын өткізеді», – деп хабарлады «Елбасы Академиясы» Корпоративтік Қорының басқарушы директоры Ануар Жанғозин.

«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.

Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушылар қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушылар орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді. Екінші кезең өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылады.

Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады.

Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектептерінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Олимпиаданың бес мың финалисі Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде тегін оқи алады.

2020 жылы «Мың бала» олимпиадасына 295 мың оқушы қатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Еl Úmiti - талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында өткізіледі. Олимпиаданы Елбасы Академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
сәттілік

comments-author-avatar
Сәлеметсізбе? Қашан болады тест

comments-author-avatar
24 марттан соң

comments-author-avatar
Мпппвц

comments-author-avatar
Қатысу керек па? 

comments-author-avatar
Қашан басталады? 

comments-author-avatar
😞😞😞