«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры мектеп пәндері бойынша олимпиадаларды ұйымдастыруын жалғасуда. Соның бірі - информатика олимпиадасы.

Көптеген адамдар ойлағандай, мектеп бағдарламасындағы информатика сабақтары компьютерде жұмыс істеудің қарапайым әдістерін меңгеріп қана қоймай, бұл пәнге алуан түрлі ғылымдардың негіздері кіреді.

 Олимпиада онлайн форматта, proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында кибер прокторингтің қолданумен өтті. Олимпиадаға қатысу үшін 15 мектептен Алматы облысы Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларынан 37 өтінім берілді.

 Олимпиада комиссиясының төрағасы - Қарасай ауданының білім беру қорының атқарушы директоры Исраилов Еркін Дәулетұлы.

Комиссия мүшелері оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары болды.

Олимпиада тапсырмалары тест және ашық жазбаша сұрақтар түрінде болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Абай атындағы орта мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы Тарих Галым - жеңімпазы деп танылды.

Түсініктеме қалдыру