news-img

Табыс - бұл нәтиже емес, тұрақты даму. Табысты адам бір жерде тұрмайды, ол үнемі ізденісте болып, өзін-өзі жетілдіріп отырады. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының магистранты Темірлан Өміржан осылай деп есептейді.

- Менің қызығушылығым мен ақыл-парасатым академиялық мансабымда көп көмектесті. Мен оқып жатқан әрбір пән мен үшін қызықты, бұл оны терең игеруге, ал алған білімімді біліктілігіме айналдыруға көмектеседі, - дейді Қор стипендиаты.

Оқу барысында Темірлан ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген «Жылу энергетикасы» мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында үш рет жүлдегер атанды. Ол сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университеті ұйымдастыратын «Жылу энергетикасы»  студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпазы.

Қазіргі уақытта Темірлан Өміржан қатты отынмен жұмыс істейтін энергетикалық қазандықтардағы жылу алмасу процестерін қарқындату саласында ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысып жүр. Ол техникалық ғылымдар саласындағы шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда бірқатар мақалалар жариялады.

- Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы мен үшін ең алдымен, ғылыми, шығармашылық және білім беру қызметін одан әрі дамытуға ынталандыру. Марапаттың бұл түрі – студенттің жұмысына назар аудару және құрметтеу деп есептеймін. Сіздің жұмысыңыздың лайықты бағалануы әрқашан жағымды сезімдер сыйлайды, - деді жас ғалым Темірлан Өміржан.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

 

Бөлісу