news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры Алматы облысының Қарасай ауданы мұғалімдері арасында «Білім» байқауын оныншы мәрте өткізді.

Күзгі іріктеу кезеңіне қатысқан 840 ұстаздың ішінен 10 пән бойынша 50 мұғалім қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география, информатика, физика, математика, химия, биология және тарих пәндерінен ақтық сайысқа өтті.

Байқау финалы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте өтті.

Байқау қорытындысы бойынша мына пәндердің мұғалімдері жеңімпаз атанды:

 

  • информатика – Алтангүл Әйкен, Абай ауылының орта мектебі;
  • физикаҒалия Нұртазина, Байжанов атындағы орта мектеп;
  • математика Эльмира Абатова, Алтынсарин атындағы орта мектеп;
  • тарих Жанат Қарабекова, Карасай батыр атындағы орта мектеп;
  • қазақ тілі – Асылбек Әмірбаев, Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі;
  • химия – Жексенбек Тоқтарбай, әл-Фараби атындағы гимназия;
  • биологияЖанна Танысбекова, «Айсаф» жеке мектебі;
  • географияЖанар Әбужанова,  Белинский атындағы орта мектеп;
  • орыс тілі – Айнұр Оразбекова, Абай атындағы орта мектеп-гимназия;
  • ағылшын тілі – Фариза Әнуарбекова, Кырғауылды ауылының орта мектебі.
Түсініктеме қалдыру