«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

30 сәуірде «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы Басин оқулары аясындағы студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн-форматта өтеді. Оны әдеттегідей Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Құқықтық жоғары мектебі ұйымдастырып отыр.   

 

Қазақстандағы қазіргі заманғы цивилистика мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Юрий Григорьевич Басиннің (1923–2004) еңбегі конференция ұйымдастырушылары мен жас құқықтанушы ғалымдардың ғылыми ойлауына қаншама жыл бойы шабыт берумен келеді. Ол – Кеңес одағының және Қазақстанның заңгері.     

 

Ғалым Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінің (1963), Қазақ КСР-і Неке және отбасы туралы кодексінің (1969), Қазақ КСР-і Тұрғын үй кодексінің (1983) жобаларын, сондай-ақ, жекеменшік туралы бүкілодақтық заңдар (1990) мен КСРО мен республикалардың Азаматтық заңнамалары негізінің (1991) жобаларын әзірлеуге қатысқан.  

 

Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары 40-тан астам заң жобасын (1992–1998) әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы төрағасының орынбасары болды. Бұлардың 38-і Қазақстан Республикасының заңдары немесе Президент жарлықтары ретінде қабылданды. Сондай-ақ, ол – Қазақстан Республикасы Конституциясы мен 60-қа жуық заң және кодекс жобаларының қосалқы авторы. 1995 жылы Қазақстан Конституциясын әзірлеу кезінде Президент жанындағы ҚР Конституциясының жаңа жобасы жөніндегі Сараптамалық-консультативтік кеңестің мүшесі болды.      

 

Юрий Григорьевич талантты заңгерлердің тұтас бір буынын тәрбиелеп шығарды. Қазір оның шәкірттері ұстазының құқық және азаматтық құқықты қорғау бағытындағы білімін өрістетуге қатысты игі ісін жалғастырып жатыр.  

 

Алда өтетін конференцияда азаматтық, баспанаға, отбасы мен еңбекке қатысты, халықаралық, жеке, корпоративтік және басқа да құқықтық мәселелер қарастырылады.  

 

Осыған орай студенттерді, магистранттар мен докторанттарды ғылыми пікірсайыстарға қатысуға және конференция жинағында жарияланатын мақалалар дайындауға шақырамыз. 

 

Ақпараттық хат пен ғылыми мақалаларды тіркеуге қатысты талаптар төменде тұр.

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру